Түркістан облысы

Ақмешіт үңгірі

Ақмешіт әулие үңгірі – Бәйдібек ауданында орналасқан.     Үңгірдің ішінде ұзындығы 7-8 метрдей жырық бар. Сонымен адамдар еңбектей көтеріліп, Алладан тілек тілейді. Ақмешіт үңгірімен байланысты бірнеше аңыз-әңгіме бар. Солардың бірі, бұл үңгірде халық үшін маңызды үлкен мешіт болған. Мешітке сырттан кіретін жол болмады. ХХ ғасырдың басында күмбездің бір бөлігі құлап, орнында осы үңгірге кіретін саңылау пайда болды. Адамдар осы жерге сатылар салып, зияратшылар келіп, тәу ететін орынға айналды. Орталық күмбезге келетін төрт жерасты жолдары болған. Жер қыртысының өзгерістеріне байланысты жерасты жолдары жабылып, бірнеше жылдар жер астында қалған. Ақмешіт атауын алған бұл үңгір келушілерді өзінің ерекше тылсым дүниесімен қызықтыруда.

Аңыз бойынша, жаугершілік қиын-қыстау заманда, Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, он мыңнан астам сарбазымен жауға қарсы шығуға дайындалып жатқан кезде жаңбыр жауып кетеді. Селдетіп жауған жаңбыр астында таңғы намазды қалай оқимыз деп қиналмай, бірден үңгірге түсіп, бәрі қатарласа тұрып намазға жағылады. Мынау бір керемет жер  екен деп таңданысады. Үңгірге бойы үйренгеннен кейін сарбаздардың бірі батырға: «Кереметтігімен ұзақ есте қалдыру үшін бұдан былай бұл үңгірге Есіркеп немесе Қойкелді деп ат қойып кетейік», – дейді. Батыр бұл ұсынысқа: «Қасиетті үңгірдің киесі оған лайық болмасақ, бұл атауды кешіре алмаса, ең қиыны сол болар», – деп қарсылық білдіреді. Жарықтық Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой. Батыр да ойға беріле тұрып: «Бұл үңгір олай болмаса, он мыңнан астам адам – бізді жаңбырдан қорғаштамас еді ғой, таңғы намазымызды оқуға мүмкіндік берді, тастары да аппақ күйінде ғажап әсер сыйлады, он мыңымыз бір жерде сәждеге бас қоя алдық, киелілігі де осы да, бұл жерді енді Ақмешіт деп атайтын болайық, бұл қасиетті жер екен», – деп сөзін түйіндепті. Содан былай бұл үңгір «Ақмешіт үңгірі» деп аталып кетіпті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button