Нұр-Сұлтан қаласы

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ

Бейбітшілік және Келісім сарайы – Нұр-Сұлтаның көрікті орындарының бірі. Пирамида – түрлі діндердің, этностардың және мәдениеттердің, халықтың және мемлекеттің барлық әлемге ашықтығының символы, сондай-ақ дінтану мен дінге еріктіліктің орталығы болып табылады.

Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Ғимарат ағылшын архитекторы Н. Фостердің жобасымен салынып, 2006 жылы қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Болат пен тастан тұрғызылған. Бейбітшілік және Келісім сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың нышаны болып табылады. Сарай барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.

Сілтеме: www.kieliqazaqstan.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button