Нұр-Сұлтан қаласы

БҰРЫНҒЫ МҰСЫЛМАН МЕКТЕБІ

Бұрынғы мұсылман мектебі Нұр-Сұлтан қаласының орталығында, Абай көшесі мен Республика даңғылының қиылысында, қазіргі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының үйінде орналасқан. Ғимарат ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы ағаш өнері құрылысының ерекше үлгісі болып саналады.

Үйді ақмолалық көпес С.Белов салдыртқан. Кейін көпес үйді татар-мұсылман қауымдастығына сатады. Ескерткіштің бұдан кейінгі тарихы білім беру саласымен байланысты. ХХ ғасырдың басында мұнда қыздарға арналған Ақмола қаласы бірінші мұсылман мектебі орналасты. 1907 жылдан бастап бұл үйде қырғыз-татар бастауыш мектебі жұмыс істейді, онда 27 оқушы дәріс алған. Кеңестік кезеңде мектеп 7 жылдық білім жүйесіне ауысты. Қыздар мен ұлдар бөлек оқыды. 1912-1916 жылдары осы мектепте көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин дәріс берген.

1960 жылдардың басында ғимарат балалар бақшасына беріліп, 1990 жылдардың ортасына дейін пайдаланылса, 1996 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына берілді. Қазіргі уақытта театрдың реквизиттер даярлайтын көркем-қойылымдық шеберханасы ретінде пайдаланылып келді.

Сілтеме: www.kieliqazaqstan.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button