Арнайы жобалар

ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

Халық музыкасының қазақ халқы өмірінде ерекше рөлі бар. Көптеген ежелгі мифтер мен аңыздарда көрініс тапқан бұл өнер – мәдениеттің сансыз қабатының терең тарихи өміршеңдігін растайды. Тереңдігі мен сұлулығы жағынан алып қарайтын болсақ, қазақ фольклорындағы мифтер мен аңыздарды салыстыруға келмес. Оларды қазақтардың этногенезіне қатысты ежелгі тайпалар мен халықтар құрды. Сондай-ақ, олар өз кезегінде ата-бабалардың бай мәдени дәстүрлерін құраған. Дәстүрлі діни жүйенің ажырамас бөлігі болып саналатын музыкалық мифтер мен аңыздар – музыкалық аспаптың ғарыштық тәртіптің құрушысы әрі тасымалдаушысы ретінде саналады.

Қазақ халқы әнге өте бай. Қазақ халқының әндерінде оның көп ғасырлық тарихы, ойлары, сезімдері, үміттері мен армандары, тіпті, қайғысы мен қуанышы көрініс табады. Қазақтың ән өнерінің ауқымдылығы осылай анықталмақ. Мәнді де сазды әуендер әсемдігімен, сан алуан сюжеттері мен жанрлары арқылы тірі жанды баурап алады. Онда барлық жанрлар өзінің қайта өрлеу мен кемелдену күнін естірте алатын бай құдіретті күші бар.

Мақсаты: қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау.

МСМ, БҒМ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2020 жылғы 16 наурызында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жыл» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың бірыңғай жоспарын бекітті. Онда аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейлерде ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық бағыттағы іс-шаралар көзделген.

Жоспардың мақсаттары мен міндеттері:

1) қазақ ұлтының материалдық емес мәдени мұрасын құрайтын ұлттық фольклордың ежелгі және қазіргі заманғы үлгілерін сақтау және танымал ету;

2) мәдени, ғылыми және білім беру кеңістігіне ноталық форматта ұсынылған және қазіргі заманғы электрондық тасығыштарда жанды дыбыста тіркелген түрлі халық аспаптары үшін қазақ аспаптық музыкасының жауһарларын қосу;

3) халықтың тарихи мұрасын – өскелең ұрпақтың санасында дәстүрлі музыкалық фольклорды насихаттау, ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми зерттеу.

МСМ Қазақ ұлттық консерваториясы Жоспардың 1, 2-тармақтары «Ұлы дала сарындары» және «Жаңа көкжиектер фольклоры» жобалары пандемияға байланысты жүзеге асыру мерзімі шегерілді.

БҒМ ақпаратына сәйкес, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында (бұдан әрі – Институт) «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аясында қазіргі кезде Институтта мемлекеттік тапсырыс бойынша үш жоба жүзеге асырылды.

Бірінші жоба. «Қолжазба қорларын, фольклорлық экспедиция материалдарын зерттеу мен жүйелеу және дала фольклорының антологиясын жасау» (2020 жылға арналған республикалық бюджетте 247 768,0 мың теңге) жобасы бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қаражат көзделген.

Жоба 3 жылға арналған. 2019 жылы 10 томдық дала фольклоры антологиясының алғашқы 5 томы қазақ тілінде, оның ішінде онлайн және аудио форматтарда жарық көрді. 2020 жылы аталған антологияның келесі 5 томын шығару жоспарланған.

Екінші жоба. «Фольклорлық музыкалық мұраны сақтау мен жүйелеу және Ұлы даланың көне сарындарының таңдаулы үлгілерін жинау» (2020 жылға арналған жалпы сомасы 102 629,0 мың теңге) жобасы бойынша «Ұлы даланың көне сарындары» атты 2-томның мазмұны құрастырылып, домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз аспаптарына арналған халық және кәсіби күйші-композиторлардың туындылары бекітілді.

Қазіргі уақытта «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының екі бөлімі бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде.

Бірінші бөлім бойынша қазақ халқының ешбір ұлттың мұрасына ұқсамайтын төл туындысы – қобыз, домбыра, сыбызғы және сазсырнай сарындары іріктеліп, таңдалған халық күйлерінің нотаға түсіру жұмыстары іске асырылды. Солардың қатарында, қазақ халқының аспаптық музыкасының таңдаулы сарындары («Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Нар идірген», «Жорға аю», «Ертіс толқыны» және т.б.) талданып, ғылыми-танымдық түсініктемелер жазылды. Көне аспаптар (қобыз, үш ішекті домбыра, сыбызғы, сазсырнай, жетіген) бойынша іріктелген халық күйлерінің ғылыми-танымдық мәтіні орыс және ағылшын тілдеріне аударылды.

Екінші бөлім бойынша антологияға енгізілген күйші-композиторлар мен халық және ауызша-кәсіби күйлердің атаулары анықталды. Белгіленген домбыра халық күйлері мен күйші-композиторлардың туындылары Сыр өңірі, Жетісу, Қаратау, Сарыарқа, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан аймақтары бойынша жіктеліп, бөлім қызметкерлерімен талқыланып, күйлердің орындаушыларын белгілеу, алдын ала бөлінді.

Сонымен қатар, кәсіби күйші-композиторлардың өмірбаяндарына байланысты жасалған ғылыми-танымдық түсініктемелердің жазылу қағидалары нақтыланып, деректерді сұрыптау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда.

Үшінші жоба. «Ежелгі және орта ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштерді зерттеу және ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясын дайындау» (2020 жылға арналған қаражат көлемі 86,336,00 мың теңге) жобасы бойынша «Ұлы дала жауһарлары. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясының» ІІ және ІІІ томдарының құрылымы бекітіліп, материалдар жиналды.

ІІ-ІІІ томға енетін Қарахандықтар билігі және Алтын Орда тұсында жазылған түркі әдеби жәдігерлерінің қолжазбасымен жұмыс жасалды. ІІ томның құрылымы: Әл-Фараби шығармалары, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат әт-түрк», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Жүйнекидің «Һибәтул-хәқаиқ», Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет», Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы».

ІІІ томының құрылымы: Исламның «Муғинул-мурид»; Насуриддин БурҺануддин Рабғузидің «Қиссәсул-әнбия»; Махмұт әл-Кердеридің «Нәһджул-фәрадис»; Хусам Кәтибтің «Жұмжұма»; анонимдік туындылар «Китәби муқәддимәи Әбу Ләи Сәмәрқанди» және «Сиражул-қулуб».

Қолжазбадан ауытқып кетпеу мақсатымен көне әдеби жәдігерлерді қазақ тіліне аудару барысында ғылыми һәм жолма-жол аударма басшылыққа алынды.

Сонымен қатар, осы жоба аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында «Алдаспан» әдеби клубы құрылып, Әбу Насыр әлФарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Абай – дана, Абай дара – қазақта», «Ел қорғаны – Ер жігіт», «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты поэзия сағаттары мен Алтын Орданың 750 жылдығына орай сәуір айында «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты облыстық онлайн жазба ақындар айтысы өткізілді.

Даңқты батыр Сәрке Өмірқұлұлының 340 жылдығына арналған облыстық жыршы-жыраулар байқауы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және халық батыры, жыршы Ақтан Ақайұлының 250 жылдығына арналған «Батырлықты жырлаймын» атты батырлық дастан орындаушылардың байқауы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аталған байқаулардың мерзімі кейінге шегерілді.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тапсырмасын іске асыру аясында фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлеріне іздеу-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button