Арнайы жобалар
Футболға жанашыр адам керек - спорт сарапшысы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында сүреңсіз ойындар сериясын жалғастырып келеді. Құрама қоржынында бір ғана ұпай бар. Бірақ соғылған мен жіберілген голдардағы айырмашылық жаға ұстатады. Бұл ҰЛ-ның кезекті екі турына дейін түсірілген «Айтары бар» подкасттың футболға арналған осымен екінші шығарылымы. Студияға шақырылған белгілі спорт журналистері мен комментаторлар Айбек Қабылша, Ербол Қайыров пен Бек Төлеу құрама ойындары мен ел біріншілігінің аяқталуына байланысты өз пікірлерін ортаға салды.