Павлодар облысы

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Кесене Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ескелді елді мекенінде орналасқан.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)- ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама тұлға.

Жеті жасар кезінен-ақ халық әдебиеті үлгілерін жинаумен айналыса бастаған. Он бес жасынан бастап ақындық жолға бой ұра бастайды. Мұса Шорманұлы ауылына қонақ болып келгенде кішкене баланың өнеріне тәнті болыпты. Ақын баланың әкесіне: «Сопы, мына балаңа мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен!» деп айтқан екен. Содан кейін «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр» аты қосақтала бастайды. Көзі көрген адамдардың айтуынша, ақынның көріпкелдік, әулиелік қасиеті болған.

Кесене ішінде канондық мұсылман стилінде екі бөлме орналасқан: гурхана және зиратхан. Бұл бөлмеге шығатын есіктерде Құран аяттарынан жолдар жазылған. Тіпті алтынмен жалатылған мазарға кіреберіс есіктің өзі – өнер туындысы болып табылады (авторы –  Алтын адамды қайта құраған белгілі қазақстандық зергер Қырым Алтынбеков). Ол ең мықты және көркем суреттермен безендірілген. Кесененің  екі күмбезін алтынмен аптаған,  оған Құдайдың99-ы есімі жазылған.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=102

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button