Түркістан облысы

Қ.А. Ясауи кесенесі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – XIV ғасырдың тарихи-архитектуралық ескерткіші, Хазірет сұлтан музей кешенінің ең басты нысаны және маржаны. 1405 жылы Әмір Темірдің бұйрығымен әулие басына тұрғызылған мазар ретінде салынып біткен. 2000 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра ескерткіштері тізіміне кірген алғашқы ескерткіш. Кесене архитектуралық әсемдігімен ғана тамсандырмайды, мұнда жерленген әруақты адам Қожа Ахмет Ясауидің орны ерекше.

Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы – ұлттық мәдени, рухани құндылығымыз болып саналады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ.

Киелі кесене мұсылман қауымы үшін кіші қажылық мекені, туристер үшін мәдени-тарихи ландшафт, халқымыз үшін рухани қазына, еліміз  үшін мәдени-тарихи құндылық. Кешен құрамындағы мәдени-тарихи, архитектуралық ескерткіштер мемлекеттілік, діни, мәдени, ұлттық бірегейлігіміздің символы, рухани жұтандықтан сақтайтын ұлттық символдық қалқанымыз болып табылады.

Қазақ арасында кең тараған «Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз оның Орталық Азиядағы ислам дінінің орталығы екенін айғақтайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button