Редакция таңдауы

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік робототехника чемпионатына жолдама алды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының қолдауымен өткен «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан Орталық Азия ойындары өз мәресіне жетті.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Олар жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.

«Робототехника жарысы үш жас санатына орай өтті. Кішкентай балалар санаты бойынша Алматы қаласының оқушыларынан құрылған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортанғы санатта басты жүлдені Алматылық «Play 4 Energy» тобы иеленді. Ал 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер – алматылық AENTA және NIS Kyran топтары. Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың қатарының артқаны қуантады», – дейді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Айта кетейік, Астана қаласында ақпан айының 24-26 аралығында «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан чемпионат өткен болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 1200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button