Шымкент қаласы

Қожасалық кесенесі

Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының шығыс бөлігінде орналасқан. Х-ХІ ғғ. Бұл ғимарат екі порталды, бір күмбезді болып келеді. Көлемі 6,7х6,5 м, биіктігі 7,7м кесененің іргетасымен есептегенде биіктігі – 5,75 метр, күмбезі биіктігі – 3,0 метр.

Қожасалық кесенесінің кіреберіс маңдайшасында: «Мен ел қыдырып жүретін құдыретпін. Ал жерде іздейтін адамдарды мен тек осында қабылдаймын. Қыдыр ата» деген жазу бар. Қожасалық – Қыдыр атаның әкесі. Бұл кесене Сайрамда 18 ғасырда салынған ең бір әдемі құрылыстардың бірі. Сыртқы, ішкі өлшемдері шаршыға жуықтайды, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимаратқа осы уақытқа дейін үш рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі үлгісін 2010 жылы экс-Сенат депутаты Өмірбек Байгелді салдырған екен. Одан бері 11 жыл өтті, кесененің сыртқы қабырғасына қар-жаңбырдан зақым келген. Сыртқы пішіні қайта күрделі жөндеуді қажет етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button