Жаңалық Редакция таңдауы

Қуанса, бала қуансын

«Балаларға базарлық» байқаулар топтамасының жеңімпаздары марапатталды

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры мен «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен инстаграмм әлеуметтік желісінде өткізілген «Балаларға базарлық» байқаулар топтамасы өз мәресіне жетті.

26 қараша күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде байқау номинанттарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Балалар мен жасөсіпірімдерге арналған байқаулар топтамасында қатысушылар үш түрлі өнер категориясына сай сынға түсті. Арнайы құрылған комиссия шешіміне сәйкес «Мен қазақтың баласы» атты жас суретшілер байқауында 17 жеңімпазға, «Берекелі күз» фото байқауында 15 жеңімпазға, «Шеберлер қаласы» атты қолөнершілер байқауы бойынша 15 жеңімпазға арнайы номинациялар тағайындалып, гаджеттер мен смарт құрылғылар тарту етілді.

Сонымен қатар, ерекше белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салған 200-ге жуық қатысушыға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтары берілді.

Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға республикалық «Ұлан» газеті мен «Ақжелкен» журналына бір жылға жазылым түбіртегін сыйлады. Ұйымдастырушылар өз кезегінде газет пен журнал оқу арқылы балалар зейінін ашып, сауаттарын арттыра түседі деп сенеді.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдау көрсеткен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button