Арнайы жобалар
ШЫҢҒЫСНАМЕ I Өтеміс қажы I Дала ренессансы
«Шыңғыс-наме» XVI ғасырда жазылған тарихи шығарма. Авторы –Хорезмдік тарихшы Өтеміс қажы. Толық аты-жөні Өтеміс қажы ибн Мәулана Дост. Өтеміс қажы Хорезмді билеген Шайбани әулетіне қызмет еткен ықпалды отбасында туып-өскен. Кейіннен өзі де Елбарыс ханның сарайында қызмет атқарады. «Шыңғыс-наменің» екі нұсқасы сақталған. Толық нұсқасы Стамбул қаласында. Стамбулдық тарихшы Мұстафа Кафалидің «Алтын Орда хандығының құрылу және ыдырау дәуірі» атты еңбегінде «Шыңғыс- наменің» толық көшірмесін пайдаланғанын айтады. Дегенмен, Өтеміс қажының «Жошы хан оғландарының тарихы» туралы бұл көшірмесі лингвистикалық тұрғыдан әлі зерттелмеген.