Алматы облысы
Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені
Орналасқан жері: Таңбалы шатқалы Алматы қаласынан 175 шақырымдай жерде Қарабастау ауылынан 4 шақырым қашықтықта Аңырақай тауларында орналасқан.
Қысқаша мәлімет: Таңбалы археологиялық кешені 9 км 2 алаңға шоғырланған қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары және жартас суреттері (петроглифтер) сияқты әр тарихи дәуірдің 100-ге тарта ескерткіштерін құрайды. Бұл жерлерде қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және кейінгі жүздеген жылдардың адамдары жерленген. Ескерткіштің негізгі бөлігін ежелгі және ортағасырлық көшпелілер обалары құрайды. Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне 2004 жылы енді.