ТУҒАН ЖЕР
Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлармен біріге отырып, патриотизм ұлттық идеяға ие болады. Осыған байланысты патриотизм мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздерінің бірі өзінің кіші Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікте қаланады.
«Туған жер» бағдарламасының міндеті Қазақстандықтарда өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, тұрмысына және Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншіліктен, мақтаныш пен адалдықтан көрінетін шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Мақсаты: қазақстандықтарда шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу.
Арнайы жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылады – бұл өлкетану жұмысы және меценаттықты дамыту.
1. Өлкетану жұмысы.
2017 жылдан бастап 5-7 сыныптарда «Қазақстан тарихы», «География», «Қазақ әдебиеті», «Музыка» пәндері негізінде 20 сағаттық «Өлкетану» интеграцияланған курсының оқу бағдарламасы бекітілді. 2019 жылы туған өлкенің тарихын зерттеу, өскелең ұрпақтың рухани ұлттық кодын нығайту үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар «Өлкетану» хрестоматиясы әзірленіп, оқу үрдісіне енгізілді.
Хрестоматия «Ұлттық код мәнмәтініндегі Қазақстан өлкетануының бастауы мен дәстүрлері», «Тарихи орындар мен оқиғалар», «Қазақстанның киелі ескерткіштері», «Дереккөздердегі жалпыұлттық маңызы бар тарихи тұлғалар», «Дәстүрлі географиялық атаулар мен бірегей географиялық объектілер», «Отандық және шетелдік авторлардың сипаттамасындағы Қазақстанның флорасы мен фаунасының ерекшеліктері», «Әлемдік қоғамдастықта белгілі және танымал Қазақстанның көрнекті ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің мұрасы» секілді тараулардан тұрады.
Мектептерде өлкетану үйірмелері мен клубтар жұмыс істейді, сондай-ақ туристік-өлкетану экспедициялар мен экскурсиялар өтеді. Биыл карантиндік шараларға сәйкес, оқушылардың қатысуымен өтетін барлық шаралар онлайн форматына көшірілді. Мектептерде 2357 мұражай жұмыс істейді. Турист-өлкетанушылардың 40 станциясы мен орталықтары, 2050 туристік-өлкетанушылық мектеп үйірмелері бар. Өлкетану туризмімен 7-17 жас аралығындағы 90 мыңнан астам бала қамтылды.
Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әдістемелік және тұжырымдамалық сүйемелдеу мақсатымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясы 15-тен астам әдістемелік құрал мен ұсынымдар әзірледі (Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, балалар-жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар, Қазақстанның киелі географиясын зерделеу жөніндегі әдістемелер және басқалары). Дайындалған құралдар оқытушылар мен мұғалімдерге үлкен көмек болды.
2. Меценаттылықты дамыту бағыты өңірлік денгейде жүзеге асырылуына байланысты, баяндаманың ІІ тарауында ақпарат толығымен көрсетілген.