Жаңалық

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: БАРЫС МҮСІНДІ АЙЫЛБАСТАР

ерекшеліктері:

Тігінен қойылған жұқа жолақ тақтайшалар арасындағы жолбарыстың басы түріндегі айылбастар (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Тігінен қойылған жұқа жолақ тақтайшалар арасындағы жолбарыстың қарсы қарап тұрған басы түріндегі айылбастар. Осы түрдегі айылбастармен шекпеннің жағасын және өңірлерін көмкеріп тіккен. Жолбарыс тұмсығының морфологиялық ерекшеліктері айтарлықтай анық берілген. Мұрны, көздері, азуы, ұрты, мұрты, қабағы мен маңдай сызықтары қысып жаншулар және сыртқа шығыңқы дөңес қырлармен келтіру арқылы орындалған. Құлақтары симметриялы орналасқан мөртабан өрнек.

Көлемі – 3,1х4,3 см;

Салмағы – 12,5 гр;

Материалы – сары түсті металл. 

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: БАС КИІМ ӘШЕКЕЙЛЕРІ

 

Түсті жолақ пен барыс түріндегі айылбас, сол жағы (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Сол жағы. Бас киім әшекейі. Барыстың бейнесі тау шыңдарының сұлбасына сүйеніп тұруы керек. Сонда ғана екі айылбас композициялық тұрғыда толық, біртұтас бейнені құрайды. Барыс артқы аяғының бірінде тұр. Денесі ортаңғы бөлігінде айналып бұрыла бейнеленген және тігінен қойылған, кеудесі табиғи емес түрде артқа бұрылған, ал алдыңғы аяқтары сес көрсеткендей жоғары көтерілген. Мойыны созыңқы, азуы ақсиған, мұрны тыжырайған, доғал құлағы жымырайған, көздері мен бет сүйегі қуысталып бейнеленген. Жыртқыштың төменге салбыраған ұзын құйрығы ұшында дөңгелене жиырылған.

Көлемі – 7,2х8,5 см;

Салмағы – 4 гр;

Материалы – сары түсті металл.

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: ДІН МӘДЕНИЕТІ

 

Барыс бейнесіндегі айылбас (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Оң жағы бас киім әшекейі. Барыс артқы аяқтарында тұрған күйі бейнеленген. Алдыңғы аяқтары жоғары көтерілген қалпы кескінделген бұдырлау мөртабан. Басы артқа бұрылып, құйрығы аяқтарының арасынан шығарылған және құйрықтары дөңгелене оратылған. Тұмсық әлпеті «күлімдеген» кейіпте. Аяқтарындағы қанат тәріздес шығыңқы дөңесте және құйрығының ұшындағы тау шыңдарының бейнелерінде киімге тігуге арналған саңылаулар бар.

Көлемі – 5,5х3,7 см;

Салмағы – 2,05гр;

Материалы – алтын.

 

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Оқи отырыңыз: #ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: ҚАПТАМА ӘШЕКЕЙЛЕРІ

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button