Мақала Редакция таңдауы

Ұлытау – туризмді дамытуға әлеуеті жеткілікті өңір

Ұлытау облысының құрылуы аймақтың дамуына оң әсер ететін факторлардың бірі. Жаңа облыстың құрылуымен Жезқазған қаласының дамуы, ауылдардағы су және жол, коммуникация мен экология мәселелерінің шешілуі жаңа қарқын алады деген үлкен сенім бар.

Аймақтардағы халықтың өмір сүру стандарты орталық қалалармен деңгейлес болғанда мемлекетіміздің даму көрсеткіші қалыптасады. Алдағы уақытта жергілікті шағын және орта бизнестің дамуы, олардан түсетін салықтың облыс бюджетінде қалуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, әлеуметттік мәселелердің шешілуі Ұлытау облысының көркеюіне тың серпін береді деп сенеміз.

Ұлытау облысында Ұлттық Құрылтайдың өтуі де үлкен символикалық мәнге ие. Бүгінгі таңда Ұлытау облысының құрамына 3 қала мен 2 аудан кіреді. Жалпы саны 227 мың халық тұрады. Облыс орталығы Жезқазған қаласында 90 мыңға жуық тұрғын бар. Қазір Ұлытау облысын дамытудың жаңа жоспары қабылданып және оны іске асыру мақсатында тиісті жұмыстардың басталып кеткені де белгілі. Жоспарда спорт, білім, тұрғын үй ғимараттарын салу, экология, су мен жол мәселесін шешу, экономиканы әртараптандыру, жастарға жұмыс орындарын ашу сынды кешенді іс-шаралар қарастырылған.

Ұлытау облысы мыс пен тау-кен өндірісінен бөлек туризмді дамытуға әлеуеті жеткілікті өңір. Жошы хан кесенесі және өзге де тарихи мәдени ескерткіштер болашақта облысқа туристерді тартатын негізгі нысандар.

Алдағы уақытта Ұлытау облысы еліміздің көркейген, дамыған аймақтарының бірі болады деп сенеміз.

 

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button