Жаңалық

«Маңғашлық» фильмі София кинофестивалінде гран-приге ие болды

Павлодарлық режиссер Людмила Лебедеваның «Маңғашлық» фильмі Болгарияда өткен София кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Қысқаметражды туынды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ертіс өңірі туралы сыр шертеді. Соғыстың алғашқы жылы майданға кеткен жігіттің тағдырын бейнелейді. Кино облыс орталығында түсірілген. Айта кетейік, халықаралық өнер додасында 15 елде түсірілген 180 көркем және телевизиялық фильм ұсынылған.

Бұған дейін «Хабар» арнасының тілшісі Салауат Игіліковтің «Чтобы помнили» туындысы да гран-приге ие болған еді. Ал осы жолы әріптесіміз Руслан Идрисовтың «Грани Афгана» көркем фильмі арнайы жүлдені ұтып алды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button