Жаңалық

Ақмола облысының қоғамдық өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдірді

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткен шараға ғылыми және шығармашылық интеллегенция, этномәдени және қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi, депутаттар корпусы және жастардан құралған 400-ден астам адам қатысты. Шарада аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында латын әлiпбиiне көшу туралы маңызды тапсырма бергенiн атап өттi.

«Осы жүктелiп отырған жауапкершiлiктi сезiне отырып, баршамызға ортақ iс, яғни, латын графикасына көшудi жүзеге асыру жолында Сiздердiң пiкiрлерiңiз бен ұсыныстарыңызды бiлу үшiн жиналып отырмыз», дедi Мәлiк Мырзалин. Ақмола жұртшылығы латын әлiпбиiне көшудi қолдайтындарын бiлдiрдi, деп хабарлайды http://bnews.kz/kz“>BNews.kz.

Форумда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң тарих ғылымдарының докторы Марал Хабдулина, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң филилология ғылымдарының докторы Белгiбай Шалабаев, Ольга Анищенко, педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья Жұмағұлова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесi Наталья Дементьева баяндама жасады.

Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжiнiң директоры Нұртас Ахат латын жазуына көшу бұл уақыт талабы екенiн атап өттi. «Латын әлiпбиiне көшу уақыт талабы және ғылым мен техниканың қазiргi заманғы жетiстiктерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi», – дедi Нұртас Ахат.

Ал, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл аталмыш реформа бiздiң халқымыз үшiн тарихи маңызы зор қадам болып отырғаны туралы тұщымды ойымен бөлiстi. «Қоғамдық сананы жаңғыртуда ұлттың рухани жағынан дамуы үшiн осындай қадамға бару ауадай қажет. Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетiстiктерiн ескерсек, бiздер бұл асуды да қиналмай алатынымыз күмәнсiз», — дедi Ғосман Төлеғұл. Жалпы, формуға қатысушылар өз ой-пiкiрлерiн айта келе, бiрауыздан латын әлiпбиiне көшудi қолдайтындықтарын жеткiздi. «Латын әлiпбиiне ауысу бұл Қазақстанның дүниежүзi қауымдастығына жақындай түсетiнiн бiлдiредi. Дүниежүзi елдерiнiң көбi осы латын жазуын қолданады. Келешек ұрпақ латын жазуымен қазақ тiлiн оқи отыра, ағылшын тiлiн де тез меңгерiп кетедi. Шетелдiктерге де қазақ тiлi мен әлiпбиiн меңгеруге жеңiл болатыны сөзсiз. Бұл Қазақстанның ғаламдық ақпарат кеңiстiгiндегi үдерiсi, бiздiң барлық сандық ресурстар мен мәдени мұрамыз латын әлiпбиiн қолданатын елдер мен халықтарға қолжетiмдi болар едi», – деп көрсетiлген Ақмола жұртшылығының үндеуiнде.

https://bnews.kz/storage/5a/5a4e60d82aa9e7dd944bb317d1bb8093.jpg” style=”height: 601px; width: 900px;” />

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button