Жаңалық

«Самға, көркейе бер, Атырауым!» көрмесі өтті

Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Самға, көркейе бер, Атырауым!» атты суретшілер арасындағы республикалық пленэрдің қорытындысы бойынша көрме өткізілді.

Пленэр Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, ҚР кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау және қолдау мақсатында өткізілді.

Пленэрдің қорытындысы бойынша үш жүлделі орын берілді.

Пленэр жеңімпазы болып ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті Аманов Қамбарбек Хасенұлы танылды.

Жүлделі ІІ орын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, профессор, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, алматылық суретші Тұрғынбай Болат Сырлашұлына берілсе, ІІІ орынға Жамбыл облысының қылқалам шебері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті Сихаев Айдархан Әшімханұлы лайық деп танылды.

Қалған қатысушыларға бір жолғы стипендия мен Алғыс хаттар берілді.

Көрменің салтанатты ашылуында Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев, қазылар алқасының төрайымы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары, өнертану ғылымдарының кандидаты, Суретшілер одағының, Халықаралық AICA көркем сыншылар Қауымдастығының мүшесі С.Қобжанова, Пленэрге қатысушы қонақтарымыздың атынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, профессор, ҚР Көркемсурет академиясының академигі Б.Тұрғынбайға сөз сөйлеп қатысушы суретшілерге шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button