Жаңалық

Байзаарда «Буккроссинг» жобасы сәтті өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан аталмыш жоба бүгін «Байзаар» сауда-орталығының 3 қабатында өтті. Онда әдеби кітаптардан бөлек, мотивациялық және шет тілдеріндегі кітаптар қойылған.

Күннен күнгетехнология қарыштап дамығанымен, кітапқа деген сүйіспеншілік ешқашан жойылған емес. Оның бірден-бір дәлелі қаламызда жиі өткізіліп тұратын «Буккроссинг» жобасы. Елімізде 2005 жылы бастау алған жобада халық кітап алмасып, кітап сөресін жаңа кітаптармен толтыра алады.

Айта кету керек, жоба 4-6 қазан аралығында сағат таңертеңгі 10:00-ден бастап, кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.

Сисенбай Алтын, студент:

– «Байзаар» сауда-орталығында достарыммен келген едім. Ойда жоқта осындай керемет жобаға тап болдым. Сөмкемде кеше ғана оқып бітірген кітабым бар еді. Соны ағылшын тіліндегі жаңа кітапқа алмастырып алдым. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Қала тұрғындарын жобаға қатысуға шақырамын! Келіңіз, сіздерде кітап алмастырыңыздар!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button