Жаңалық

Қарағандыда латын графикасымен жазылған жастарға арналған сайттың тұсауы кесілді

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында zhastar09.kz жастар порталының тұсаукесері болды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Сайттың ерекшелігі – ондағы барлық ақпарат латын әрпімен жазылған. Оны құрушылар осылайша латын графикасына көшуге дайын екендерін көрсетуде.

«Жуырда Президент «Қазақ тілінің латын графикасына ауыстыру туралы» жарлыққа қол қойды. Латын әрпіне көшу – қоғамдық сананы жаңғырту идеяларының негіздерінің бірі. Біз оны қолдаймыз. Енді жаңа zhastar09.kz сайтында сіздер ақпаратты латын әрпінде оқи аласыздар», – деп мәлімдеді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбай сайттың тұсаукесер рәсімінде.

Сайт құрастырушылары – Қарағанды облысының балалар және жастар ұйымының одағының айтуынша сайтта көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар болады.

Айта кету керек, авторлар тек жастар қауымын ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысындағы жаңалықтарға қызығушылық танытқан дарлық жұртшылықтың назарын аулауға үмітті екендерін айтуда. Жезқазғандық құрастырушы Әлібек Қаратаевбұл жобаны бірнеше ай бойы дайындаған. Сайтта кез келген сөзді немесе мәтінді кирилицадан латын графикасына ауыстыратын атқарым бар. Бұл қосымшаны сонымен қатар qazlatyn.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

«Латын әліпбиі – ол тарихи тұғырымызға оралу. Қаулыға қол қойылды, бірақ алда әлі де көптеген жұмыстар күтіп тұр. – 2025-ші жылға дейін еліміз біртіндеп латын әрпіне көше бастайды. Біз өз жұмысымызды латын графикасы ьуралы сөз қозғалған бетте, сәуір айында бастадық. Сол кезде біз санап отырсақ, аймағымызда 2900-ден астам тіл мамандары бар екенін анықтадық, оның 760-ы латын графикасымен таныс екен. Қазір жастар өз сайтын таныстырып отыр көпшілікке, яғни олар Президенттің бағдарламасын қолдайтындарын және жаңа әліпбиге дайын екенін көрсетеді. Біз де бұл бағытта өз жұмыстарымызды жалғастыра береміз», – деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Гүлнарайым Қаңтарбекова тұсаукесер салтанатында.

Естеріңізге сала кетейік, 26-шы қазанда Қазақстан Президенті өзінің қаулысымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button