Жаңалық

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін белсенді қолдауда

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін белсенді қолдауда.

Сонымен, Facebook, ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтар бекітілген латын әліпбиіне қолдау көресту мақсатында жариялымдарын   #LatyndyQolda хештегімен біріктірді.

Бұдан басқа, бұл шараны жастар ұйымдары және қоғамдық пікірдің көшбасшылары қолдады. Атап айтар болсақ, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Жасыл Ел» республикалық жастардың еңбек отрядтары, Қазақстан жастарының конгресі.

«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев Facebook парақшасындағы суретімен ҚР Президентінің латын әліпбиіне көшу туралы шешімін қолдайтынын көрсеткен.

Сонымен қатар, саясаттанушы Ерлан Саиров жеке Facebook  парақшасына рефоорманы қолдау мақсатында сурет жариялаған.

Мысалы, «Нұр Отан» партиясы Facebook әлеуметтік желісінде латыншаға көшу туралы талқылауды іске қосты. Партияның парақшасында партия мүшелерінің суреттері латын қаріпіне байланысты пікірлерімен жарияланған.

Бұл бастамаға қазақстандық эстрада мен кино саласының  жұлдыздары қолдау көрсеткен, атап айтар болсақ Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов, Ляйла Сұлтанқызы, Айқын Төлепберген, Ринат Кертаев, Мадина Садуақасова, Жігер Аупбаев, Жанболат пен Жазира, Арафат Жұмабеков және т.б.

Айта кетейік, осы жылдың 26 қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  қазақ тілінің латын қарпіне көшу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button