Жаңалық

«Туған Жер» бағдарламасы аясында 308 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 37 млрд теңге бөлінді - А.Батталов

Алматы облысында «Туған Жер» бағдарламасы аясында 308 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 37 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру басты басымдықтардың бірі. Облыс кәсіпкерлері мен меценаттары Ұлт көшбасшысының «Туған Жер» бағдарламасына қатысуға көптеп ниет білдіруде. Бүгінде 308 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 37 млрд. теңге бөлінді. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданының Ащыбұлак кентіндегі Сабировтар отбасы тастанды саябақты қалпына келтірді. Сонымен бірге, Кербұлақ ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Хасан Әбуев туған ауылына бастауыш мектебін салуда», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Батталов.

Аймақ басшысының айтуынша, Алматы облысының Қарасай ауданында ашылған «Батыр Бабалар» мемориалдық кешенін  де меценаттар 465 млн. теңге бөліп салған.

«Қараша айында еліміздің басқа аймақтарында және облыс тұрғындарына «Менің Жетісуым» атты жерлес-инвесторлар форумы өтеді. Бұдан басқа, «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» сынды бағдарламалар аясында да көптеген жұмыстар атқарылуда», – деп түйіндеді А.Батталов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button