Жаңалық

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық конференциясы өтті

ОҚО әкімдігінен хабарлағандай, конференция жұмысына Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің 30-дан аса мамандары қатысты.

Пленарлық отырыспен бастау алған басқосуда Ресейдің өнертанушылар қауымдастығының мүшесі Саттарова Лилия «ТЮРКСОЙ и взаимодействие музеев тюркского мира» тақырыбында баяндама жасаса, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Бурса муниципалитетінің қолдауымен шығарылған «Еуразия музейлеріндегі костюмдер коллекциясы» кітабының тұсаукесер рəсімін өткізіп, қорық-музей қорына өз тартуын салтанатты түрде табыстады.

Ал, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов конференцияны ашып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқыды.

«Аталған конференцияның ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тəжірибені арттыруда маңызы зор. Ясауи мұрасының адамзат игілігіне айналуына Түркі елі ғалымдарының да сүбелі үлес қосатынына сенімдімін», – деді ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының өкілі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асқар Тұрғанбаев.

Өз кезегінде, ТҮРКСОЙ ұйымы атынан қорық-музей директоры Нұрболат Қадырұлына кәдесый тарту етіп, еңбекке биік белестер тіледі.

«Конференцияға қатысушылар «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркі-Ислам өркениетінің сабақтастығы», «Рухани жаңғыру және Түркістан», «Киелі, қасиетті жерлер, мәдени туризм және музей ісі» сынды үш бағыт негізінде баяндамалар оқып, тың ойларын ортаға салды. Онда Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихы мен әлемдік өркениеттегі орны, зерттелу мәселелері, өмірі мен шығармашылығы зерделеніп, сондай-ақ, Отандық музей саласындағы кейбір көкейкесті мәселелер сарапталып, талданды», – делінген хабарламада. 

Түркістан қаласында «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button