Жаңалық

«Қазақстан аңыздары» BBC World News телеарнасында (ФОТО)

«Қазақстан аңыздары» жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанның қасиетті жерлері – Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ең танымал жәдігер «Алтын адам» тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, үстіміздегі жылдың 4 қарашасынан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады. 

Бейнероликтердің түсірілімдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Жобаны түсіруге отандық және шетелдік мамандар тартылған. Бейнероликтерге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

«Осы жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің Үшінші жаңғыруын орындау мақсатындағы басты жоба деп – «Қасиетті Қазақстан» жобасын атаған болатын.  Ұлттық кодымыздың негізі болып табылатын, халқымыздың бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, «Қазақфильм» киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, «Қазақстан аңыздары» атты жарнамалық кампанияны бастап кетті. Кампанияның басты мақсаты – сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды», – деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серіп Жұбандықов.

Айта кетейік, бейнероликтерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша BBC өкілдері және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп түсірген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button