Жаңалық

Қазақстанда «Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» фестивалі өтуде

Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы аяқталуына қарсы Алматыда «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» халықаралық фестивалі өз жұмысын бастады. Фестивальға ресми өкілдер, сондай-ақ екі елдің туристік бизнес өкілдері қатысуда.

«Фестиваль аясында барлық қатысушылар Алматы қаласының туристік нысандарын аралап, халық қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптарына қатысып, ҚХР туристік операторларымен В2В кездесулерін өткізе алады», –  деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Сонымен, 11 қарашада Алматы Халықаралық Фестиваль эстафетасын Тараз қаласына береді. Таразда екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен ресми форум өтеді. 15 қараша күні «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» халықаралық фестиваль қонақтары мен қатысушыларын Шымкент қаласы қарсы алады.

ҚР МСМ хабарлағандай, Қазақстандағы Қытайдың туризм жылының салтанатты жабылу рәсімі 2017 жылдың 17 қараша күні Астанадағы «Бейбітшілік және Келісім» сарайында өтеді. Іс-шараға екі елдің мыңнан аса ресми өкілдері мен бизнес өкілдері қатысады.  Жабылу салтанатында Қытай тарапы қытайлық классикалық өнердің үлгісі «Жібек жолы гүлмен көмкерілген» балетін ұсынады. Қойылым қытайлық, парсылық, үнділік және түрік стильдері қосылған Ганьсу провинциясындағы ескерткіштерде бейнеленген тарихи сәттерге негізделген.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы ортақ декларацияяда 2017 жылды Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы деп жариялаған болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button