Жаңалық

Қостанай облысында Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды

«Күнтимес» тобының бастамасы бойынша Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды.

«Біз жас Шоқанның ескерткішін орнатуды жөн көрдік, себебі бұл жер  оның Отаны.  Біздің ойымыз іске асу үшін көп жылдар өтті, бірақ бұл биылғы жылы облыстық Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі арқасында мүмкін болды. Кіші Отанымыздың арыстарын есте сақтап, құрметтеуіміз керек», – деді «Күнтимес» тобының жетекшісі Еділбай Ахменов ескерткіштің ашылуында.

Атап өтер болсақ, ескерткішті орнату биылғы жылдың маусым айында ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған облыстық Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі арқасында мүмкін болған.

Сонымен, оның іске асырылуына жәрмеңке шеңберінде 500 мың теңге, бизнес-қауымдастықпен 400 мың теңге бөлінді, 300 мың теңгені ауыл тұрғындары өздері жинаған.

Бұдан басқа, «Киелі Қазақстан» республикалық экспедиция жұмысының қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың қазан айында Күнтимес Қазақстанның киелі нысандарының алдын ала тізіміне қосылды.

Сонымен қатар, аталған жоба а.ж. 1-2 қарашада Атырау қаласында өткен «АСАР» үшжақты әріптестіктің бірінші Республикалық форумының Жәрмеңкесіне қатысып, 3 миллион теңге бөлген «НурАйгер СК» ЖШС қолдауын тапты. Аталған қаражат Ш.Уәлиханов атындағы мұражайдың ашылуына және ескерткішке жақын аумақты абаттандыруға жолданатын болады.

Жергілікті тұрғындар да жобаға қатысатындығын айта кету керек. Мысалы, бүгінгі күні бірлесіп 100 ағаш отырғызылды және ескерткіш плитасы орнатылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button