Жаңалық

Павлодарда Zhastartime мобильді қосымшасы таныстырылды

Жастар бастамалары орталығында әзірше тестілік режимдегі бірақ, жуық арада жұмысын бастайтын жаңа мобильді қосымша Zhastartime және  zhastartime.kz порталының тұсаукесері өтті.

Бүгінде Zhastartime мобильді қосымшасын Play Маркет қосымшасынан жүктеуге қол жетімді болып отыр. Жуық арада iOS базасындағы смартфондарға App Store бағдарламасында пайда болатын болады. Қосымшаны және порталды әзірлеу облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың балалар мен жастардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыру базасын құру және ол база кез келген интернет желісін пайдаланушыға қол жетімді болу қажеттілігі туралы тапсырмасы бойынша жүргізілді.

«Бұл біздің Павлодар облысы әкімдігі, жастар мәселесі жөніндегі басқармасы, жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп жасаған арнайы жастарға арналған портал. Деректер облыс бойынша тіптен жекелеген ауылдардан жинақталды. Сайтта және қосымшада түрлі бос уақытты ұйымдастыру ұйымдары туралы барлық ақпараттар, мекенжайлары, телефон байланыстары, жұмыс уақыттары  белгіленетін болады. Бұл ыңғайлы себебі басқа іздестірулерде олардың деректері ескірген болып шығады. Ал біздің міндетіміз үздіксіз жаңа ақпаратты толықтырып отыру және осылайша өзекті болып отыру», – деді «Гео Сет» ЖШС директоры Айнаш Әміренова.

Қосымшада кез-келген мекемеге лүпілдер қою, пікірлер мен ұсыныстар қалдыру мүмкіндігі, сондай-ақ олардан түскен ақпаратқа жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Әзірге қосымша түзетулер сатысында болғандықтан әзірлеушілер кері байланыс арқылы кез-келген ұсыныстар мен пікірлерді қабылдауға әзір. Қазіргі уақытта қосымшадағы ақпараттарды қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш қосымша тек кириллицада ғана емес сондай-ақ, жаңадан енгізілетін латын графикасында қол жетімді болады деп күтілуде.

«Кез-келген шығармашылықпен, хоббимен айналысатын адам порталға кіріп тіркелуге және өзі, өзі қатысатын клубтары туралы қажетті ақпаратты енгізуге, пікірлестерін тауып алуға болады. Порталдан 563 орталықты, 96 мәдениет, спорт, білім саласындағы клубтарды тауып алуға болады. Бұл сандық көрсеткіш тұрақты өсіп отырады. Бұнда тіптен кішігірім мекемелер, аула клубтары туралы ақпараттар енгізілетін болады. Пайдаланушылар облыста өтетін барлық мәдени –бұқаралық іс-шаралар туралы білуге мүмкіндіктері болады», – деп хабарлайды «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Санира Жүсіпова.

Айта кетейік, астаналық «Гео Сет» ЖШС порталды және қосымшаны тегін әзірледі, ал оларға қызмет көрсету жастар бастамаларын дамыту орталығының техникалық бөліміне жүктеледі. Алдағы уақытта комерциялық жарнамаларды орналастыру да жоспарланған. Бұл жоба Қазақстандағы бірегей жобалардың бірі. Әзірлеушілер басқа да облыстарда осыған ұқсас порталдар мен қосымшаларды жасауды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button