Жаңалық

Маңғыстауда «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» өз жұмысын қорытындылады (ФОТО)

Ақтау қаласында «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды.

Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес аталмыш көш өз жұмысын он бес күн бұрын, яғни 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастаған.  Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елдімекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараларға 5000-ға жуық жастар қатысты.

Жалпы, керуенді өткізу арқылы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі ҚР  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасын іске асырудың  және мемлекет  басшысының   – «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласын  іске  асырудың  негізгі  бағыттарын  көрсету көзделді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button