Жаңалық

Олимпиада чемпиондары елордалық оқушыларға төсбелгілер тарту етті

Астаналық оқушылар олимпиада чемпиондарымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

30 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті қорында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары олимпиада чемпиондарымен кездесті. Кездесу барысында үздік оқушылары президент тестін үздік тапсырған оқушылар төсбелгілермен марапатталды.

«Бүгінде біз қатысушылардың барлығына қолжетімді болуы үшін аталған тестің ережесіне тағы бір санат қостық. Сонымен бірге, жеңімпаздарға табысталатын төсбелгіні жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мәселесін де шештік. Осыған орай, Астанада алғаш рет президеттік деңгейдегі белгілерді табыстау салтанатын өткізіп тұрмыз», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Қанағат Елсияров марапаттау салтанатында.

Айта кетейік, президенттік тестке алыс қашықтықта және жақын қашықтықта жүгіру, ұзындыққа секіру, мергендік, жүзу, шаңғы жарысы және тағы басқа ойын түрлері бойынша жарыстар кіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button