Жаңалық

Петропавлда казак мәдениетінің жан-жақтылығын көрсетілді

Петропавл қаласында «День казачки» казак мәдениеті фестивалі өткізілді.

 

«Казак мәдениеті сан қырлы және қайталанбас. Онда казактардың барлық жан арманы мен күйініші, Отанға деген сүйіспеншілік, сенім, нағыз шынайы достық, ерлердің қайсар да батыл мінезі және казак әйелінің ақкөңіл нәзік жүрегі жатыр. Ежелден казак тегінде казак әйелінің рөлі ерекше бағаланды. Ол – мейірімді ана, адал жар, жуас қыз, ақылды әже, сүюші әпке. Ерлер әрдайым өз әйелдерін мадақтайтын, оларға отбасы ошағын сақтаушы және отбасының бастауы ретінде отбасыда лайықты орын беретін», – деді қатысушылар.

Жыл сайын 2005 жылы «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігі құрылған сәттен бастап Петропавл қаласында «День казачки» казак мәдениеті фестивалі өткізіледі. Бұл іс-шара ұлы христиан мерекесін атап өту қарсаңында өткізіледі.

«Этномәдени орталық өңірде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, казак мәдениетін сақтау, қазақстандық патриотизмді, өз отаны мен туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу бойынша ауқымды жұмыстар  жүргізіп келеді», – деді Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виктор Таранов.

Концерттік бағдарламаны көркемдік жетекшісі Сергей Зелепухин болып табылатын орыс халық аспаптары оркестрі ашты. Аталған ұжымның шығармашылығы арқасында бәріне таныс орыс және казак халық әндері әр көрерменнің жүрегіне жетіп, жылулық пен қуаныш сыйлады, олар барлық әртістерді ашық жүрекпен қарсы алуға дайын болды.

Дәстүрлі түрде «Звонница» орыс және казак әндері халық хоры және «Звонница – Наследие» үлгілі-көрнекі ұжымы өнер көрсетті, олар казак халқының, орыс және украин этностарының әйгілі туындыларын ұсынды.

№ 14 орта мектептің шығармашылық ұжымы алғаш рет шықты. Балалар казактар туралы әндер, өлеңдер пен мақалдардан «шығармашылық монтаж» көрсетті. Аталған мектеп Бірінші казак мектебі орналасқан орында тұр.

Мерекемен құттықтауға Жамбыл ауданы Преснов ауылынан «Казачья станица» халық ансамблі келді, оларға биыл 30 жыл. Казак әндерінен «попурри» орындады, көрермендер оларға қосылып, қол шапалақтарын аямады.

Зал ду қол шапалақпен барлық өнер иелерін қарсы алып отырды. «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Антон Гуторов олармен ерекше жұмыс жүргізді. Өзі әндерді жеке орындап қана қоймай, қонақтарды ұйымдастырылған «музыкалық викторинаға» белсене қатысуға шақырды.

Анатолий Наргеленастың ақындық өнері барлығын қуантты, ол «Матери-казачке» жанды жолдарын оқыған Игорь Куксаның «Лето Господне» туындысын декларациялады. Сонымен бірге фестиваль аясында бард, Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Сергей Сметанкин сөз сөйледі.

Сондай-ақ би ұжымдары би билеп, ауыр казак өмірі, махаббат, достық, бейбітшілік туралы әндер шырқалды. Барлық туындылар махаббат, жылулық пен ізгілікке толы жарқын да естен кетпес болды.

Іс-шара соңында Виктор Александрович Таранов барлық қатысушыларды дипломдармен марапаттады, 2017 жылы толыққан отбасыларға естелік грамоталар табыстады, сонымен бірге әйелдер қауымына алғыс хаттар берілді. Салтанатты бөлімнен кейін мерекелік шай ішу ұйымдастырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button