Жаңалық

Рух көтерген кітап

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру» мақаласы бастамасы Жаңаөзен қаласы әкімдігі қолдауымен «Рух көтерген кітап» тақырыбында тарихи-танымдық, әдеби-сазды тұсаукесер кеші өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады.

Сазды кешке қонақ ретінде Отыншы Көшбайұлы,  Алқажан Еділхан,  Светқали Нұржан,  Амандық Көмек, Нұрлан Құлбаев,  Бекболат Төлегенұлы,  Бақтыбай Жайлау сынды өлкетанушы, тарихшы, жазушы, мұрағатшы, жыршы-жырау, түркітанушылардан басқа қала әкім аппараты, депутаттар, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Тарихи-танымдық кеш мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы       Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын негізге алып ұлттық идеямызға, мемлекеттік саясатымызға айналған  еңселі  еліміздің тарихи-мәдени қазынасын насихаттау, қазақ елі батырлары Дәуімшар мен Құдабай  ерліктерін жастарға үлгі ету»,- деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Каспий зияткерлік мектеп-бақшасында ұйымдастырылған шара шымылдығы Дәмегүл Ізбасарова және Жанар Нұрмұханова дәстүрлі әндер орындауларымен басталды. Алғы сөзді қалалық мәслихат басшысы Сақи Мыңбай сөйлеп, Дәуімшар мен Құдабай батырлар туралы құнды деректермен бөлісті. Іс-шара жұртшылыққа «Дәуімшар мен Құдабай» атты деректі фильмді тамашалаумен, одан соңыра тарихи-танымдық, әдеби-сазды кеш сиясы кеппеген су жаңа кітаптың тұсаукесерімен жалғасты.

Журналист, жазушы Мұратбай Ұлықпанн «Дәуімшар батыр және оның ұрпақтары» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімінде қала әкімі орынбасары Исахан Қайнарбайұлы лента қиып, әжелер шашу шашты. Кеш соңында сөз депутат, «Жанарыс» ЖШС директоры  Жаңбырбай Дәрменовке беріліп,  әдеби-тарихи шараға қатысушыларға алғыс айтып, ақсақалдарға шапан жабылды.

Келер жылы 2018 жылы Елбасы ұсынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына Дәуімшар мен Құдабай қорымдары енгізу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button