Жаңалық

Керемет әзіл фестивалі - Қазақстанда

Елордамыз Астана қаласынының 20-жылдығын мерекелеу аясында 2018 жылдың 1 мамырында ІІ Халықаралық әзіл фестивалі «Бауыржан Fest» өткізіледі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен.

 

«Фестивальдің негізгі мақсаттары – Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық бейбітшілік және келісім үлгісін насихаттау, Қазақстан халқының бірегейлігін сақтау және мемлекетіміздің мәдени ерекшелігінің сан алуандығын дамыту, достық қарым-қатынастығымызды әрі қарай нығайту, жақын шетелдердің басты әзілкештері мен ұжымдарының арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін дамыту», – ведомстводан хабарлады.

Атап өтсек, жоба авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан әзіл жанры негізін қалаушыларының бірі, елімізде танымал «Бауыржан шоу» шоуының қалаушысы, «Қазақ эстрада театры» директоры Бауыржан Ибрагим.

Фестивальға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Қазақстан және т.б. мемлекеттердің белгілі әзілкештері қатысады.

«Танымал болған эксклюзивті форматтағы «Бауыржан Fest» фестивалі өз тыңдарманын тапты. Халықаралық әзіл мерекесі әртүрлі ұлтты және нанымды, әртүрлі жастағы, қоршаған ортаға әзілмен қарайтын адамдарды бір шаңырақ астына жинайды», – деп атап өтті министрліктен.

Айта кетсек, әртүрлі әзіл жанрында, пародия, миниатюра және әртістер қойылымдары қазақ және орыс тілінде орындалады.

Ұйымдастырушылардың пайымынша ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің мерекесі Күні және мемлекетіміздің мәдени өмірінің жарқын оқиғасына айналады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button