Жаңалық

Көкшетау аялдамаларында мәдени нысандар туралы QR код арқылы ақпарат алуға болады

Көкшетауда «Рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» бағыты аясында QR кодтарына қалалық мәдени нысандары енгізілген.

Бүгінде аталмаш кодтары бар ақпараттық стендтер қалалық аялдамаларға орналасқан, қазіргі күнде жаппай халық жиналатын орындарға орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ақпараттық стендттерде қалалық 10 кітапхана жүйесі бойынша орналасқан жері, байланыс телефондары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кітап қоры бар.

Бұдан басқа, қалалық «Достар» мәдениет сарайы жанындағы ұйымдастырылған клубтық құрылымдар туралы, сонымен қатар Тілдерді оқыту орталығында ересек тұрғындардың мемлекеттік, ағылшын тілдеріне тегін курс өту туралы ақпарат орналасқан.

Штрих-код арқылы кез келген тұрғын аялдамалардан шығармашылық үйірмелердің жұмыс кестесіне сәйкес жазылуды жоспарлауға, жақында орналасқан кітапхана туралы ақпарат алуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button