Жаңалық

Елорданың мәдениет қызметкерлері спартакиада өткізеді

Астанада театр артистері, музыканттар, кітапханалар мен музей қызметкерлері спартакиада өткізеді.

Астанада мәдениет мекемелері қызметкерлерінің арасында «Көңілді старт» спартакиадасы өтеді.

Спорттық жарыста 11 команда бәсекеге түседі, оның ішінде қалалық саябақтардың, Мемлекеттік академиялық филармония, қазақ және орыс драма театрларының, «Жастар» және «Наз» театрларының, Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларының, «АЛЖИР» мұражайының, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекцияның ұжымдары бар. Театр артистері, музыканттар, кітапханалар мен музей қызметкерлерінің арасындағы спартакиада Елорданың 20 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

«Жарыс бағдарламасына түрлі конкурстар, эстафеталар және қозғалмалы ойындар енгізілген. Бірінші тур – таныстыруда командалар өздерінің шығармашылық машықтарын көрсетеді, содан кейін спартакиадаға қатысушылар қайталамалы жүгіріс, штанга көтеру, арқан тарту, волейбол және жүзуден күш сынасады», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Жеңімпаз команда бас жүлде – кубок алса, жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button