Жаңалық

«ORNIS-2018» Облыстық жас орнитологтар сайысы өтті

Сайысқа облыстың 14 аудандарының мектеп оқушылары қатысты. Өз өнерлерін ортаға салған білімпаздардың ішінде ерекшеліліктерімен көзге түскендері марапатталды.

 

«Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің бастамасымен «Экологиялық орталық» МКҚК, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі, Ақсу-Жабағылы табиғи мемлекеттік қорығының ұйымдастыруымен «Парктер шеруі – 2018» табиғат қорғау акциясы аясында «ORNIS-2018» облыстық жас орнитологтар сайысы өз мәресіне жетті.

Атап айтқанда,  бірінші  орынға – Қазығұрт ауданы, Қызылдала жалпы орта мектебінің «Көркем табиғат» командасы  лайықталды. Ал, екінші орынды  Түркістан қаласы, Хамза жалпы орта мектебінің «Қыран» командасы мен  Шардара ауданы, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Аққулар» командасы өзара бөлісті. Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта мектебінің «Бүркіт» командасы, Созақ ауданы, С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің «Қыран» командасы және Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің «Лашын» командасы үшінші орынды місе тұтты.

Жеңімпаз командаларға сый-сияпаттар тапсырылып, ерекше құрмет көрсетілді.

Бұл іс-шара өскелең жас ұрпаққа экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға бағытталады. Еліміздің рухани жаңғыру бағытында жасалып жатқан мұндай іс-шаралар болашақ Қазақстандықтарды дұрыс бағытқа жетелейтіні анық.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button