Жаңалық

«Қостанай қыраны» атағының мастер-класс өткізді

«Қостанай қыраны» атағының иегері өзінің шағын Отанының жаттықтырушылары мен спортшылары үшін мастер-класс өткізді.

Қостанай облысы өзінің спорттық дәстүрлерін және чемпиондарын мақтан тұтады. Олардың бірі – Мұрат Кинтонов. Ол республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Қазақ күресі бойынша «Қостанай қыраны» атағының иегері, Азия чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал 2016 жылдың қарашасында Мұрат Болатұлы АҚШ-тағы дзюдо бойынша әлем чемпионы атағына ие болды.

Ол өзінің еңбек жолын Арқалықта бастады, онда дзюдодан жаттықтырушы болды, кейін Арқалық қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

Kіші Отанға қолдау көрсету бойынша Қостанай облысының тумаларымен қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2018 жылғы 11 сәуірде Мұрат Кинтонов Арқалық қаласына оралып, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 60 оқушысына 2 жаттығу өткізді. Спорт мектебінің жаттықтырушылары үшін жас спортшылардың психофизикалық мәселелері бойынша жеке мастер-класс ұйымдастырылды.

Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Шалабаев Рүстем Асанханұлы:

«Мұндай кездесулер спорттық дәстүрлерді одан әрі сақтауда, қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауда, сондай-ақ білімнің салтанат құруы, өзін-өзі жетілдіруге және бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу арқылы жаңа ұрпақ қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Мұндай спортшылар өз тәжірибесімен бөлісетіні өте жақсы. Қармау, лақтырулар, құлату, ұстаулар сияқты әдістер. Әрбір әдіске ие болу және оны дұрыс қолдану керек», – деді.

Іс-шараға АрМПИ дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары мен студенттері, жаттықтырушылар, спортшылар, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Қала басшылығы чемпионға қаланың спортшылары үшін жоғары кәсіби деңгейде өткізілген мастер-классқа және жаттығуларға үлкен ризашылық білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button