Жаңалық

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша ашылды

Шымкент қаласында коррекциялық бағыттағы екі балабақша ашылды. Атқарылған игі шараның нәтижесіндегі арнайы бағытта жұмыс істейтін балабақша психологиялық даму үдерісі шектелген бөбектерді тәрбиелемек.

110 орынға лайықталған бөбекжайды кәсіпкер меценат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпазы Қайрат Молдасейітов өз қаржысына салдырған. Игі істің жалпы құны 280 млн. теңге. Жаңа орталықтың бірі психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған. Ал екіншісі тірек-қимыл функциялары бұзылған балғындарды дамытуға бағытталған. «Түрлі дертке шалдыққан бүлдіршіндерге қол ұшын созып, көмек көрсеткен жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Олардың бұл ісі өзгелерге үлгі» дейді қала тұрғындары.

Жалпы Оңтүстікте «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кәсіпкерлер демеушілігімен көптеген әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне беріліп жатыр.

Орынбасар Ырысдәулет, қала тұрғыны:

– Мүмкіншілігі шектеулі балаларға жағдай жасап, елбасының тапсырмасын орындап жатыр, мінекей рахмет. Балаларды жылы сөздерімен тәрбиешілер, медбике апай бар, барлығы жақсы, кішіпейіл. Балаларға өте жақсы қарайды. Біз риза боп отырмыз.

Фатима Ештаева, балабақша меңгерушісі:

– Барлық жағдай жасалынған. Жаңа технологиямен жабдықталған. Даун синдромы, аутизммен ауыратын балалар емделеді. Бізде дефектолог, логопед мамандар жұмыс істейді. Олардың танымдық, ойлау қабілетін дамыту және мантисори бағдарламасымен жұмыс жасалынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button