Жаңалық

Ғылым таппай мақтанба

Бүгінгі заман – білімдінің дәуірі. Цифрлы технологиялар дамып, адам жасайтын қызметтері роботтар ауыстырып жатқанда бәсекеге қабілетті болып қалу үшін үлкен білім керек. Ал білімнің кілті ұзақ ізденісте, терең білімде екенін барлығымыз білеміз.

Өткен ғасырларға көз жіберсек, қараңғы дәуірде туып, қараңғы кезеңде өмір сүрген қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз, хакім Абайдың сол уақытта-ақ надандыққа наразы болып, жастарды көзі ашық, көкірегі ояу болуға шақырғаны баршаға аян.

«Ғылым таппай мақтанба» деген сөз кешегі күні келешек туралы нақты қадамдар жасала бастаған уақытта ұранға айналып кеткендей болды. Бүгінгі қоғамның да талабы – осы. Оқы. Ізден. Ілім қу. Нәтижесін өзің көресің!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button