Жаңалық

Білімге ұмтылу – қанымызда бар қасиет

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сіздің ең дұрыс шешіміңіз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Білімді, көз ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет», – дейді. Демек, қазақ деген өміршең ұлттың ұрпағы өз қанындағы қасиеттен қашықтамауы тиіс. Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.

Сіз мектеп пен жоғары оқу орынында өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшін немесе деңгейіңді өсіру үшін ол қарудан оқ атып, білім деңгейіңді көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ – өз бетіңізбен көңіл көкжиегіңізді дамыту мақсатында жинаған біліміңіз.

Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.

Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет! Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button