Жаңалық

Жеңіске жет!

Шектеулі ғұмыр – тайталасқа толы майдан. Өмірдегі әрбір сәт майдан даласындағы жекпе-жек іспетті. Өзіңе берілген үлкен сый – мерзімді ғұмырың. Осы аралықта өзіңе көңілің толуы үшін жетістіктерге қол жеткізуің керек.

Жеңіс – алынбас қамал емес. Ерінбей еңбектеніп, жалықпай ізденіп, армандай білім, нақты мақсаттардан құрылған жоспарыңмен жылжысаң, жеңіс шыңы табан астында. Демек, барлығы сен ойлағандай қиын емес.

Сен әлемдегі жеті миллиардтан аса адамның ішінен кімдерді танисың? Әрине, өзін әлемге түрлі салада танытып өткендерді. Олар ерен еңбектерінің арқасында есімдерін әлем тарихына алтын әріппен жазып кетті. Олар – жеңіс деген нәрсені уыстай білгендер.

Сен кімнен кемсің? Өзіңді біреуден кеммін деуге, әрине, ауыз бармайды. Демек, саған жетістік деген құбылыс қолжетімді.

Еңбектен! Мақсат қой! Өмірде бәрі ойлағаныңдай бола бермейді. Дегенмен, есіңде болсын, барлығынан шығар бір соқпақ болады. Еңбектене білсең, жеңіс деген аралға қарай бұрылған қайығыңның ескегін еселеп есе түс. Жетіп қалдың!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button