Жаңалық

Денсаулық зор байлық болуы үшін 7 кеңес

Сіз тілек айтқан кезде қай сөзден бастайсыз? Ойланып көріңіз. «Ең бастысы, зор денсаулық тілеймін». Біз неге денсаулықты бірінші орынға қоямыз? Себебі, адамның саулығы, оның сапалы және бақытты өмір сүруінің басты кепілі болмақ.

Әр ауырған жан ақ халатты абзал жандардың алдына барады. Бүгінде біздің елімізде медицина саласының дамуына арналған көптеген жобалар мен бағдарламалар қолға алынып жатыр. Дегенмен, біз барлық жүкті дәрігерлерге ғана артып қоя алмаймыз. Себебі, біздің деніміздің саулығы өзімізге ғана байланысты. Академик Амосов осы пікірге сүйенген.

Николай Амосов – мыңдаған өмірді сақтап қалған танымал ғалым, белгілі кардиохирург. Ол 79 жасында ота жасауды қойған. Ал 89 жасында қайтыс болды. Николай Амосов ұзақ өмір сүру әдістерін, денсаулыққа қатысты мәселелерді зерттеген. Сондай-ақ, өмірінің соңғы жылдарында салауатты өмір салтын ұстанған.

Николай Михайлович өзі жайында:

«Мен үшін дене шынықтыру өмір сүрудің негіздерінің бірі болып табылады. Өмірімде орын алған мына бір жайтты айтып өтуіме болады. Балалық шағымда мен жалғыз өстім және физикалық дамыту бағдарламалары болмады. Шаруашылықта атқарған жұмыстарым күшімді арттырса да, икемділікке ие болмадым. Жүзуді, билеуді, велосипедте жүруді мүлдем білмейтінмін. Мектепте де, институтта да дене шынықтыру сабақтарына бармадым. Бірақ, денсаулығым жақсы болды. Соғыста радикулит ұстап қалып, ұзақ уақыт қайталанып жүрді.

1954 жылы жағдайым тіпті қиындап кетті. Ренгтен суретінде омыртқамда өзгерістер анықталды. Сол кезде мен өзімнің 1000 қозғалыс жаттығуын әзірледім. 10 жаттығу әрқайсысы 100-ден орындалуы тиіс. Бұл әдісім өз көмегін тигізді. Осыған таңғы жаттығуларды қостым. Сондай-ақ, тамақ ішу үрдісімді өзгерттім. Салмағым 54 килограммнан аспауы керек еді. Денсаулықтың физиологиясын ойлап таптым да, осылайша «Шектеулер мен жаттығулар режимі» пайда болды», – деген екен.

Сонымен, Николай Амосовтың тәжірибесінен нені алуға болады? Қандай ойға келеміз?

Көп жағдайда біз өз дертімізге себепші боламыз. Адамдар жалқаулықтан, сараңдықтан, не болмаса білмегендіктен ауырады.

Тек қана медицинаға үміттенуден алшақ болыңыз. Осылайша, сіз дәрігерлерге байланып қаласыз. Олар көп ауруларды емдей алады, бірақ сізді толығымен сау ете алмайды. Тіпті, сізге қалай сау адам болу керектігін үйрете де алмайды.

Сау болу үшін тұрақты және ауқымды күш қажет. Бір қуантарлығы, біз денсаулығымызды әрқашан қалпына келтіре аламыз. Дегенмен, қажетті күштер кәріліктің туындауына және аурудың асқынуына байланысты артады.

Денсаулық үшін төрт шартты бірдей ұстану қажет. Яғни, атап айтқанда, физикалық жаттығулар, тамақтануды шектеу, шынығу, демалу уақыты мен әдісі.

Күнделікті 20-30 минут жаттығуға болады. Өзіңізді тамақтан шектеуіңіз тиіс. Мәселен, өз бойыңыздан минимум 100-ді алып тастаңыз. Сіздің салмағыңыз осы аралықта болуы тиіс.

Дұрыс демала алу да ғылымның бір түрі деуге болады. Себебі, сіз тек денеңізді ғана емес, миыңызды да демалдыруыңыз қажет.

Дәрігерлер сіздің дертіңізді емдесе де, толығымен сауығып кету тек сіздің қолыңызда екендігі есіңізде болсын. Өзіңізді аяп, шағымдана бермеңіз. Бұл сауығуға бейімделген ойыңызды кері үрдіске әкеледі.

Сөз басында айтып өткендей, тамақтану барысы мен құрамына баса назар аударыңыз. Академик Амосов адамдардың қандай тағамдарды және қанша мөлшерде қолданатыны маңызды екендігін атап айтқан. Жеміс-жидектер мен көкөністерден алынатын дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да биологиялық қоспалардың маңыздылығына ерекше көңіл бөлген. Ең минимал мөлшер күніне – 300 грамм болса, максимал – 1 килограмм. Жеміс-жидектердің көп болғаны ағзаға жақсы әсер етеді. Шикі көкөністерді буға пісірілгендермен алмастыру толық дәрумендердің көбісінің жойылып кетуіне әкеледі.

Майларды таза күйде пайдаланбаған жөн. Сүтте, етте, тіпті нанның өзінде майлар өте көп. Майлар холестерин түрінде буындарда жиналады. Мәселен, ұмытшақтық ауруынан тек аштық пен дене шынықтыру ғана көмектеседі. Дегенмен, егер ми буындарында ұмытшақтық болса, онда дәрі-дәрмектерде қажет.

Толыққанды ақуыздарсыз адам өмір сүрмейді деген жалған ұғым болып табылады. Миллиондаған адамдар өмір бойы аминқышқылдардан тұратын жануарлардың ақуыздарын пайдаланбаса да, қандай да бір кемшіліктерге ие емес. Сондай-ақ, ақуыздардың мөлшері жоғары болған жағдайда ас қорыту жүйесіне ауырлықтар тудырады.

Егер де көп тәтті жейтін болсаңыз, салмағыңызды бір мөлшерде сақтап қалуға болмайды. Көмірсулар қажет, бірақ бұл үшін тәтті көкөністерді, бидай ботқаларын пайдаланған жөн. Қандай жағдай болмаса да, таза қантты қолданбаңыз. Себебі, бұл – химиялық элемент.

Жаңадан сығылған жеміс-жидектер мен көкөністердің сусындары өте пайдалы: оларды кез-келген мөлшерде тұтынуға болады. Ал сорпа өнімдерінен алшақ болу қажет. Өйткені, оларда қайнаған су мен көкөністерден түзілген тұздар өте көп болады.

·        Сонымен қатар, Николай Амосов медицинаға қатысты көптеген қате пікірлерді ашты:

·        Медицина ауруларды емдей алады, бірақ ауру адамдардың саны жыл сайын арта түседі.

·        Дәрігерлер дәрі-дәрмектердің қуатына тым сенімді.

·        Дәрігерлерге байланып қалудан қорқыңыз!

Медицина денсаулыққа емес, ауруға және ағзаның қорғаныс күшіне толығымен сенбеуге бағытталған.

Аз қозғалу, тыныштықта жату, ауру кезінде жақсы тамақтану адам табиғатына кереғар. Қозғалыс, бұлшық еттерінің белсенділігі мен ішінара аштық адамға тез сауығуға және ауырмауға көмектеседі.

Заманауи кезең адамның сау және ұзақ өмірі үшін көптеген мүмкіндіктерді береді. Оларды дұрыс қолдана білу қажет. Тамақты мөлшермен ішу, салауатты өмір салтын ұстану және психологиялық күйіңіздің тыныштығын сақтау маңызды.

Белді дәрігер Николай Амосовтың 7 кеңесіне де кезек келді. Аталмыш кеңестер медицинамен байланысты және де олардан алшақ болуға бағытталған.

Дәрігерлер сіздің бастапқы денсаулығыңызды қайтарады деп үміттенбеңіз. Олар сіздің өміріңізді сақтап қала алады, дертіңізден емдейді, бірақ бұл тек бастамасы ғана саналады. Әрі қарай сенімді өмір сүру үшін өзіңіздің күшіңізге ғана сеніңіз. Мен медицина саласында өмір бойы қызмет атқарғандықтан, оның қуатына күмән келтіруден алшақпын. Дегенмен де, әр адамның денінің саулығы өзіңіз қолында екеніне сенімдімін. Мәселен, өз басым күнделікті дене шынықтыру жаттығуларымен жұмыс жасаймын.

Дәрігерлер ауруды емдейді, ал жүз пайыз денсаулыққа өзіңіз қол жеткізуіңіз тиіс.

Себебі, денсаулық – сіздің барлық физиологияңыздың, ағзаларыңыздың қуаты. Ол тыныштықта және жұмыс барысында физикалық және психикалық қызметтік көрсеткіштерді қалыпты ұстап тұру үшін қажет. Сонымен қатар, ауырып қалмау үшін маңызды. Яғни, бұл қуат дәрі-дәрмектерден пайда болмайды. Тек тұрақты жаттығулардың, үнемі жұмыстың арқасында ағзаны шынықтыруға болады.

 Аурудың не екенін әркім сезеді.

Ауру кезінде сіз бақытты сезінуден қаласыз, өмір сүруіңіз күрделіліктерге толы болады. Бұл жайттардың себебі де анық. Сыртқы «залалдар», өзіңіздің ойға қонымсыз әрекеттеріңіздің салдарынан ауру пайда болады. Дегенмен, адамның табиғаты жаратылысынан берік. Әрине, ұсақ аурулар өздігінен туындайды, бірақ күрделі дерттер дұрыс өмір салтын ұстанбаудан пайда болуы жиі орын алады. Сыртқы шарттар, кедейлік, күйзелістер екінші орынға ие.

 Жаттығулар ойға қонымды болуы тиіс.

Бұл дегеніміз – тұрақты әрі жүйелі. Бір сөзбен айтқанда, шектеулер мен жаттығулар режимін анықтау қажет. Режим негізгі үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы – май мөлшері аз тамақ, күнделікті 300 грамм жеміс-жидек пен көкөніс және салмағыңыздың өз мөлшерінен асып кетпеуі болып табылады. Екіншісі – дене шынықтыру. Бұл жастармен қатар үлкендерге де өте қажет. Себебі, бүгінгі таңда көптеген адамдар бір орында отырып жұмыс істегендіктен, күнделікті бір сағаттарын жаттығуларға арнаулары қажет. Әрине, уақыттың тығыздығына байланысты, күнделікті 20-30 минут жаттыққан жөн. Сонымен қатар, жұмысқа дейін немесе кейін жаяу жүру, жүгіру секілді жаттығуларды жасау арқылы сіз уақытыңызды да үнемдей аласыз. Ал үшінші бөлім ең қиыны саналады. Бұл – өз психикаңызды басқару. «Өз-өзіңізді басқаруды үйреніңіз». Бұл жолда әр адам өзіне қажетті әдісті таңдайды. Медитация, йога секілді түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Кем дегенде, ақырын дем алу және дем шығару секілді қарапайым тәсілді жасау арқылы тынышталуға болады.

 Қызық сауал: адамдар неге жиі ауырады?

Адамдардың 90%-ы салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда сау болатындарына сенімдімін. Өкінішке орай, бұл режим ерік күшін талап етеді. Ал бізде бұл өте бәсең. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектер бір-бірін қосымшалап отырады. Осының әсерінен бір емес, бірнеше дәріні пайдалануға тура келеді.

Сондай-ақ: әлемде біліктілігі төмен дәрігерлер өте көп. Жақсы дәрігерлер де баршылық. Білікті маман өз кәсібилігін үнемі арттырып отыруы тиіс. Мәселен, пышақтың жүзін тұрақты қайрау арқылы жақсы құрал алуға болады. Жақсы дәрігер бастапқы білімімен шектеліп қалса, ол жақсы болудан қалады. Бүгінде заманауи жан-жақты білікті де талабы мен талпынысы мол дәрігерлер ғана жақсы маман болуға лайықты.

Адам ағзасында қуатты қорғаныс күштері – иммун жүйесі, қарымақы механизмдері бар. Оларға уақыт беру қажет, сол кезде жұмыс істейді. Көптеген жеңіл аурулардың өздігінен жазылатыны есіңізде болсын. Дәрі-дәрмектер бұл үрдісті алшақтатады.

Егер жақсы дәрігерге тап болсаңыз, одан айырылып қалмаңыз, босқа мазасын алмаңыз. Есіңізде болсын, дәрігер жай ғана маман емес. Оның нұсқаулықтарын мүмкіндігінше орындауға тырысыңыз. Сондай-ақ, дәрігерден өзге біреудің ақылымен қосымша дәрі-дәрмектер мен ем сұрамаңыз. Білікті маман өз ісіңе жауапты түрде қарайтынын ұмытпаңыз.

Сонымен қатар, егер де сіз жас және қандай да бір дерттерден сау болсаңыз, кішкене сырқаттану кезінде ауруханаға жүгірмеген жөн. Себебі, біздің дәрігерлер адамның табиғатына емес, дәрілерге көп сенеді. Оларға байланып қалудан сақ болыңыз!

Сөз соңында айтарымыз, деніңіз сау болу үшін көңіліңіз жайлы, мінезіңіз берік болуы тиіс. Деніңіздің сау болуы сіздің қолыңызда екендігін ұмытпаңыз. Кереғар ойлар дертті ушықтырып жіберуі мүмкін. Жақсы көңіл-күйді сақтай біліңіз! Сауығып кетіңіз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button