Жаңалық

Өзіңізді көрсетіңіз

Кімнің кім екенін ел анықтасын, сондай-ақ, сіздің бағаңызды халық берсін. Өйткені, сіздің бұл жердегі жалғыз міндетіңіз өзіңізді көрсету.

Адамдар бір-бірінен ақыл және білім атты екі дүниемен озық тұрады. Сондықтан, халықтан өзіңіздің бағытыңызға оң баға алу үшін өнімді еңбек етіп, өз-өзіңізді көрсетіңіз.

«Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек», – деген екен Жүсіпбек Аймауытұлы.

Кемеңгер айтса, қалт айтпасы анық. Азаматтың тындырымды ісі әр жерден көрініс беріп тұруы қажет. Сонда ғана сіздің азаматтық болмысыңыз үлкен сый-құрметке бөленеді.

Турасы – кез-келген әрекеттен сіздің еңбегіңіздің иісі аңқып тұруы тиіс.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button