Жаңалық

Алматыда Мүгедектер күні атап өтілді

Ағымдағы жылы Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт және шығармашылыққа толы мереке ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен қазан айының екінші қыркүйегі Мүгедектер күні ретінде бекітілді. Осындай күннің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, олардың құқығы мен мүддесін, әл-ахуалын қорғауға арналған.

Алматылық 60 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Самат» пансионатында мереке ұйымдастырылды, балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарын алып келіп, байқауға қатысты. Сонымен қатар, спорт жарыстарының қатысушылары болды. Аталмыш күннің қорытындысында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

«Біздің қаламызда көптеген қоғамдық автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігіне бейімделген. Бізге кресло-арбалар және басқа да әлеуметтік қызметтер тегін ұсынылады. Мәселен, балаларға қатысты реабилитациялық іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Қазір қалада шағын сыйымдылықтағы үйлер құрылуда. Ол жерлерде ділдік кемшіліктері бар адамдар бейімделеді және олардың көпшілігі үйде, ал қалған бөлігі стационарларда тұрады. Бұл жерде оларды қоғамда дұрыс қарым-қатынас жасауға, өмір сүруге үйретеді», – дейді Алматы қалалық мүгедектер қоғамының және Қазақстанның мүгедектер ұйымдарының одағының төрағасы Али Аманбай.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Лязат Джетыбаева ұсынған ақпарат бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мақсатында өтемдеуіш құралдар ұсынылады.

«Ағымдағы жылы бізге бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінді, барлығы 25 мыңнан аса адам қамтылды. Мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарының барлық объектілері қолжетімді болу үшін арнайы шарттар жасалады», – деп атап өтті ол.

«Алматыда 42 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Әрине, олар күнделікті өмірде белгілі бір күрделіліктерге тап болады. Осы жылы мүгедектер күні аясында біз Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай мерекелік шара өткіздік. Өткен жылдары бұл күн әр өңірде жеке аталып өтетін, бүгін біз барлық қалалардағы балаларды өзара араласып, байланыс орнатулары үшін бір орынға жинадық Біз оларға қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық өміріне араласудан табатын артықшылықтар болатынын түсінуіміз тиіс. Біз интернат үйлерде, реабилитация орталықтарында және әлеуметтік көмек бөлімдерінің қызметтерін үйде алатын балаларды шақырдық», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Лаура Абжанова.

Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік міндеттер ауқымы ұлғайып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің пікірі бойынша мүгедектерді қоғамға әлеуметтік бейімдеу ең басты фактор болып қала береді. Қазақстандықтардың осы мәселе бойынша жетістіктері, адамдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасы маңызды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатында басты рөлге ие. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ҚР Президентінің бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген және қоғамға қажетті өзгерістерді енгізуге бағытталған. Жаңғыру бағдарламасы үш бағытқа негізделеді: экономика, заң шығару қызметі және қоғамдық сананы жаңғырту. Үшінші бағыт – ең маңызды және жауапты. Қазақстандық қоғамның мәдени және рухани жағының табысты өзгеруі Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген барлық стратегиялық жоспарлардың тиімді жүзеге асуы болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button