Жаңалық

Қадам жаса!

Үлкен белестерге шығу да кішкентай қадамдардан тұратыны анық. Сондықтан, алға қарай жүрген әрбір қадам – сенің болашаққа салған капиталың, қазір құйған іргетасың. Бүгінгі нық қадам – болашақ жемісі.

Қадам жасай білу, оның ішінде түзу әрі дұрыс қадам жасай алу – адамның өз қабілетін, өз талантын, өз дарынын тиімді пайдаланғанының дәлелі.

Тумақ бар да, өлмек бар. Бірақ бүгінгі тіршіліктің бес күндігіне налып, өмірден баз кешпей, саналы ғұмырыңды сапалы қызметке толтыра білсең, тағдырыңа, маңдайыңа жасалған парыздарыңды абыройлы өтеп кетсең, сенен бақытты адам жоқ, сірә.

Үлкен істердің алғашқы қадамнан басталатынын айтып өттік. Бүгінгі күн – сенің мүмкіндігің. Мүмкіндікті қалт жіберіп алу – тура жолдан қиыстау. Сондықтан, әрбір мүмкіндікті жөнді пайдаланып, жарқын болашағыңа қадам жаса!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button