Жаңалық

«Менің Қасиетті Қазақстаным!» байқауының қорытындысы

Байқау қорытындысында жүлделі 3 орын анықталып, 10 оқушыға ынталандыру алғыс хаттары табысталмақ.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Туған жер» арнайы жобасының негізінде, Республикалық «Рухани жаңғыру» жобалық басқару кеңсесінің қолдауымен мектеп оқушыларын Қазақстанның қасиетті жерлеріне апаруды мақсат еткен Республикалық өлкетану акциясы өткен болатын. Аталған акцияға 1000-нан астам мектеп оқушысы қатысты.

Қатысушылардың лебіздерін, алған әсерлерін бөлісуге мүмкіндік жасау мақсатында Ruh.kz порталы қыркүйек айында эссе жазудан байқау жариялаған еді.

Республикалық өлкетану акцисының жүзеге асу барысында оқушылар өзге аймақтарға қонақ болып барып, өздерінің көңіл көкжиегін кеңейте отырып, жаңа орта, жаңа достар тапты. Байқау жарияланған уақыттан бастап 453 жұмыс келіп түсті. Түрлі жодармен жолданған байқау материалдарының ішінен 253 жұмыс іріктеліп алынды. Қазақ тілінде жазылған материалдардың саны – 238, ал орыс тілінде 15 жұмыс жолданды.

Ең ауыр кезеңнің уақыты да келіп үлгерді. Аталған жұмыстардың ішінен үздігін таңдау өте ауыр соқты. Себебі, жіберілген жұмыстардың қай-қайсысы да жеңіске әбден лайықты, жүрекжарды дүниелер еді. Ruh.kz порталының редакциясы байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіреді.

Жуырда үздік жұмыстар сертификат, алғыс хаттармен марапатталып, кейбіреулері портал бетінен жарық көрмек. Жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтайыз.

Ruh.kz порталы ұйымдастырған «Менің Қасиетті Қазақстаным!» атты эссе байқауына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Алдағы уақытта биік шыңдарды бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасайтындарыңызға сенеміз !

Жақын арада жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау шарасы жүзеге асады. Барлық ақпараттарды Ruh.kz порталынан біле аласыздар.

Толығырақ ақпарат үшін редакция поштасына http://editor@ruh.kz“>editor@ruh.kz хабарласуларыңызға болады.

Жүлделі орындардан көрінген қатысушыларды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

1-орын: Рахымбердi Айгерiм.

2-орын: Табылдынова Адина, Қостанай облысы.

3-орын: Жорабекова Мәдина, ШҚО.

Белсенділік танытып, үздік деп танылған тағы да 10 жұмысқа алғыс хаттар табыс етіледі. Ынталандыру орындарынан көрінген оқушылар:

1. Алтай Аяжан, Алматы облысы Қапшағай қаласы.

2. Бортан Салтанат, Алматы қаласы.

3. Дінисламбек Әбдірасуллаев, Қызылорда облысы.

4. Елтохова Дина, Шымкент қаласы.

5. Жұлдызай Аралбаева, Қостанай облысы.

6. Самал Калиева, Павлодар қаласы.

7. Жұлдыз Сыдық.

8. Танабай Балжан.

9. Шариғат Серікбосын, Павлодар облысы.

10. Эргашова Сабогул.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button