Жаңалық

120 минутта өнімді жұмыс істеуге жағдай жасау тәсілдері

Кез-келген жұмыстың оңайы жоқ. Әрбір қызметте өзіндік жауапкершілігі бар. Ал адам жұмыс жасағанда өзіне қолайлы жағдай болмаса, өнімді қызмет шықпайтыны екібастан белгілі.

Біз өзіміздің жұмысымызды соңына дейін жақсы көрмейміз. Өйткені, кеңседегі 8 сағаттық жұмыс өтілі ешкімге ләззат сыйламайды. Күн сайынғы қиындықтармен пайда әкелмейтін әдіс-тәсілдер арқылы күресеміз. Ал осындай себептерден кейін жұмыстың жүрмейтіні анық. Адамдардың көпшілігі еңбек өнімділігі нашарлай бастаған уақытта өзінің барлық бос уақытын құрбан етіп, күш сала бастайды. Бұл жұмыс барысындағы мәселелерді тереңдеткеннен басқа ешқандай көмек бермейді.

«120 минутта үлгеру» атты кітаптың авторы Джош Дэвистің айтуынша, өлі нүктелермен күресудің жалғыз жолы – тәулік ішіндегі өнімді қызмет жасауға қолайлы екі сағатты таңдап, сол мезгіл аралығында ең қиын әрі шиеленіскен нәрселерді атқару. Нейробиология зерттеулеріне сүйенсек, жұмыс қолайлылығын ұйымдастырып, өзіңді ұстап, ішкі жалқаулыққа төтеп беру үшін небәрі 120 минут уақыт жеткілікті. Бұл – максималды мерзім.

Адамдар белсенділік танытып, кез-келген іске құлшына кіріссе, ол қарекетінен белгілі бір деңгейде нәтиже шығады. Ал ішкі қорқыныш немесе жалқаулық белсенділік танытуға жол бере беруі екіталай. Сондай-ақ, адамның биологиялық параметрлері де бұл тұрғыда үлкен рөл атқарады. Мысалы, ұйқының қалыпты болмауы, ішкі түйсіктің қорқынышы, спортпен айналыспау, тамақтанудың ретті болмауы секілді факторлар өнімді еңбек етуге әрқашан кедергі бола алады. Адам қандай да бір әрекетке кіріспес бұрын өзінің ішкі түйсігін дайындайды. Осы дайындық істің нәтиже беру немесе бермеуіне тікелей әсер етеді.

Осы мәселелерге қатысты кітап авторының келтірген мысалдарын сназарларыңызға ұсынбақпыз.

Ол бір күні қорытынды есептерді дайындап отырып, өзінің амалсыз отырғанын, құлағына тек пернетақтада басылған батырмалардың ғана дауысы келетінін сезінді. Осы ойлар үстінде отырып ол үстел астында тұрған сағатқа назар аударып еді, әп сәтте күннің жартысы өте шыққанын байқады. Дуглас осы кезде өзінде уақыт аз екенін сезінді. Ендігі уақытта қорытынды есепті аяқтап, оған қоса әріптестерінің осы бөлімше бюджетіне қатысты жоспарларын есептеп беруіне көмек сұрай жазған хаттарына жауап керек.

Құлықсыз қалыпта почта ұяшығын ашқан ол өзіне жазылған ондаған хаттарды көріп, тағы да еңсесі түсіп кетті. Бірқатарына жауап жазу үшін тағы да бірлі-жарым сағат уақытты құрбан етуге тура келеді. Бірі алдағы айдың жоспарын сұрап, екіншісі бюджеттің қорытындысын шығаруды сұрапжәне талап етіп жазған хаттардың бәріне жауап беріп, тыңғылықты тындыру үшін шынында да біршама уақыт қажет еді. Ал компьютердегі таймер төрт сағаттан кейін компания директорымен кездесу екенін еске салуда. Ол кездесуге де бірқатар тындырылған жұмыстардың есебін алып бару шарт.

Дуглас барлығын ысырып қойып, хаттармен айналысқанды жөн деп шешіп, соған кірісіп кетеді. Дегенмен, бұл жұмыстың барлығын қандай жылдамдықта жасаса да, төрт сағаттың ішінде аяқтау мүмкін емес еді.

Таймер директордың кабинетіне кіруге төрт минут қалғанын еске салады. Ал дуглас асығыстық танытып, жүгірген күйі кабинеттен шығып кетеді. Үстел үсті шашылған қағаздарға толы күйінде қалды.

Директордың кабинетіндегі жиналыс барысында Дуглас басшылық тараптан қатаң сөгіс пен бірқатар ескертулер алды. Ал мұндай ескертулер қандай қызметкердің болсын көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды.

Сондықтан, күн тәртбін, тайм-менеджментті жолға қою шарт. Сонда ғана Дуглас секілді асығыстық пен қателіктерге жол бермейміз.

Кітапта айтылған екі сағаттық өнімді уақыт тәулік сайын қайталанып отырады. Тек сол мезгілді уақытылы тауып, уақытылы қызмет етсең болғаны.

Жұмыс орынының да қолайлы болуы, тыныштықта болуы – өнімді еңбек етуге өз әсерін тигізетін факторлар санатында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button