Жаңалық

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасында бастау алған тақырыптық экскурсиялар айлығының алғашқы қатысушылары – елордадағы мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері. Тақырыптық экскурсиялар аясында жас жеткіншектер Елбасы кітапханасының тұрақты экспозициялары және жекелеген коллекцияларымен тереңірек танысты.

– Мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын. Елбасы кітапханасында тек кітаптар ғана бар деп ойлап жүрсем, мұнда қызық дүниелер көп екен. Маған қару-жарақтар коллекциясымен қатар, Астанамыз туралы айтылған тың деректер қатты ұнады. Еңселі елордамыздың қалыптасу  тарихына қанықтым. Бас қаламыздағы бірнеше ғимарат пен субұрқақтың авторы Президентіміз екеніне таң қалдым. Елбасымыздың домбыра тартып, ән салатын өнері бар екенін білдім. Менің әкем – ақын. Маған да өлең оқыған ұнайды. Астана туралы толғанып, жыр жазғым келеді,  деп ағынан жарылды Астана қаласындағы №29 орта мектептің 8 сынып оқушысы Шұғыла Бақытбол.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫhttp://presidentlibrary.kz/sites/default/files/1x7a9104_0.jpg” />

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбына кеңінен тоқталған Экскурсияларды ұйымдастыру секторының аға сарапшысы Маржан Мырзабекова айлық экскурсиялардың ерекшелігін тақырыптың толықтай ашылатындығымен түсіндірді.

«Тақырыптық экскурциялардың мақсаты – жас ұрпаққа  Қазақстан Республикасы Президентінің идеялары мен бастамаларын насихаттау. Мұндай тақырыптық эксурсиялардың тағылымы мол. Өйткені айлық барысында әр тақырыпқа ерекше тоқталамыз. Мәселен мен бүгін «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбына толық 45 минутты арнадым. Жас өрендерге Елбасымыз туралы мол мәлімет беруге күш салдым. Олар да қызығушылық танытып, сұрақтарын жаудырды. Міне, осындай  мазмұны толық ашылған тақырыптық экскурсиялар қатысушылардың білім қорын байытуға мүмкіндік береді».

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫhttp://presidentlibrary.kz/sites/default/files/1x7a8917.jpg” />

Экскурсия барысында Елбасы кітапханасының сарапшысы Ботагөз Аяпбергенова «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс» залында жас жеткіншектер үшін авторлық  квест экскурсиясын жүргізді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Тәуелсіздік бастауында», «Астана – Қазақстан тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны», «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары», «Қару-жарақтар коллекциясы», «Қазақстанның спорттық даңқы», «Күмістің сұлу сыңғыры», «Шахматтар коллекциясы» тақырыптық  экскурсиялар айлығы ағымдағы жылғы 22 ақпанға дейін жалғасады.

presidentlibrary.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button