Жаңалық

Мектеп оқушылары қамшы жасауды үйренді

Павлодар қаласының нөмірі 13 мектебі «Шаңырақ» облыстық жобасына белсене қатысуда. Мектептің педагогикалық, ата-аналар және оқушылардан құралған ұжымдары қазақтың ұлттық киіз үйін құрастыруды қолға алған.

Жобаның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту мен дамыту, қазақ мәдениетінің дәстүрлерін жандандыру. Жобаны іске асыру шеңберінде аталмыш мектеп киіз үйдің макетін дайындаумен қоса оның табиғи, көне, алғашқы түрінде: жануарлардың терілері, бесік, қымыз дайындауға арналған піспе шелек, көрпеше, саңдық, қамшы, ұршық және т.б. құрал-жабдықтарды белсенді іздеумен айналысады.

Қазақ халқы – шекарасы көрінбес шексіз даланың иесі, ғасырлар бойы ереуіл атқа ер салып, еңсесің биік ұстаған көшпенділердің ұрпағы. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Біздің Елбасымыз: «Ұлы дала – жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлады» деп сипаттаған. Баршамыз тамыры тереңде жатқан тарих беттерінен білеміз, қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, ұлы 7 жасқа толғанда әкесі оған қамшыны табыс еткен. Бұл ұлдың ержетіп, жігіт болғанының көрінісі.

13 -ші мектептің қол өнер Нұрленов Қайырғозы-ата шебері киіз үй үшін арнайы жасалған қамшының тоқу үрдісін оқушыларға көрсетті. Қол өнер шебері, Успен ауданы, Ковалев ауылында тұрады. Тағдырдың жазмышымен, ата-анасынан ерте қалған ол, өзінің тәтесінің қолында тәрбиеленді. Дәрігерлердің жіберген қателігінің кесірінен немесе медицинаның жеткіліксіз дамуының салдарынан, балалық шағында болған сәтсіз операциядан кейін, ол іс жүзінде есту және сөйлеу мүмкіндігінен айрылды. Бірақ оның өмірі қамшы өру талантымен ұласты. Қайырғозы-ата өмір бойы Ковалевка ауылында тұрып келеді, және ауыл тұрғындары оны мейірімді, қайырымды және құрметті адам ретінде таниды. Өзінің қамшы өру жұмыстарына ол тек табиғи өңделген үй жануарларының терісін (қайыс) пайдаланады.

Осы іспеттес дәстүрлерді жаңғыртып, 13 мектеп оқушылары көне бұйымдарды іздестіруде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button