Жаңалық

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: ӘШЕКЕЙЛЕР МЕН «АРҚАР МҮСІНШЕСІ»

Салпыншақ сырға 

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Салпыншақ сырға ілмегі және үш салпыншағы бар тұйықталмаған  сақина негізден тұрады. Сырға – алтын. Салпыншақтардың бірінде домалақ, жалпақ, көгілдір ақық моншақ бар да, енді бірінде дәнекпен әшекейленген екі алтын тесікті таққыш бар. Салпыншақ ұзын цилиндр пішінді көгілдір ақық моншақпен аяқталған.

Көлемі – 3,1х2,4 см;

салмағы – 3,70 гр, сары түсті металлдан және көгілдір ақықтан жасалған әшекей.

Арқар мүсіншесі 

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Ұзын ось бойымен иілген тік төртбұрышты тұғырда тұрған арқар мүсіншесі. Жасын білдіретін сақиналарымен иілген мүйіздері, көздері, құлақтары мен танаулары ойықтармен бейнеленген. Түгін бейнелі көрсеткен. Қысқа құйрығы кесіктермен кескінделген. Тұғырдың төрт бұрышында бас киімнің жоғарғы жағына бекітуге арналған тесіктері бар.

Көлемі – 1,6х1,9 см; 

Салмағы – 5,35 гр-ды құрайтын алтын құйма.

Қалқанды айна жүзік 

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-IIIғғ.

Үлкен сопақ дөңесі бар қалқанды жүзік. Сақинасы жапырылған. Жүзіктің қалқаны айнадай жалтыратылып тегістелген. Құйылған жүзіктің қалқанының ішкі жағында оны созып қалыпқа келтіру үшін қыздырып соққаннан қалған іздерді байқай аласыз.

Көлемі – 2,3х2,5 см;

Салмағы – 17,30 гр болатын сары түсті металл (алтын емес).

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz 

Басқа материалдар

Back to top button