Жаңалық

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: «ҰРЫС ҰРАНДАРЫ»

Өз адамдарын тану үшін қолданылатын құпия шартты сөз (сөздер) «пароль» ұғымын білдіру үшін Еуразия даласының кешпенділері түркінің ұран деген сөзін қолданған. Ұрандар әр түрлі болады. 

Тегінде, Бабырдың «Жазбалары» соғыс уақытында ұранның қолданылуы туралы ең егжей-тегжейлі мәліметтер келтіретін, әзірше мәлім бірден-бір ортағасырлық мұсылман деректемесі болса керек. Бұл мәліметтер қай тұрғыдан болсын ден қоярлық. Алайда кешпенділердің тұрмыс-тіршілігі мен әскери ісін сипаттаумен шұғылданатын зерттеушілер қайсыбір кездейсоқ себептен оларды әлі ілікке алмай келеді. Осы «ілікке татымағандаорды» белгілі тарихшы Тұрсын Икрамұлы «Алтын Орда» шығармасына енгізген. Сондықтан олар туралы толық дерек келтірейік. Әйтсе де әуелі Бабыр туралы және оның атақты кітабы туралы қысқаша әдеби эссе келтіре кетейік, оның үстіне алдағы уақытта да біз материал алу үшін бабардың жазбаларына тағы да жүгінетін боламыз.

Захир ад-Дин Мұхаммед Бабыр кім?

«Жазбалар» афторының толық есімі – Захир ад-Дин Мұхаммед Бабыр. Бабыр есімі орасан адами ерліктің айрықша бір мақсаткерліктің, кәміл шеберлік пен адам таңданарлық қарапайымдылықтың символы. Әмір Темірдін бесінші буын ұрпағы Бабыр 1483 жылы 14 ақпана Ферғанада туған. 1494 жылы маусымда жасы небары он екіге қарағанда ол әкесінен Ферғананы билеу ісін мұраланады. Сол уақыттан бастап ол өз елінің жане Орта Шығыс елдерінің саяси және әскери уақиғаларының қайнап жатқан ортасында жүрді.

XV ғасырдың нақ басында Темір әулетінің Орта Азизадағы билігі Шығыс Дешті Қыпшақтан (қазіргі Қазақ даласынан) келген солтүстік кешпенділерінің тегеурінімен құлап, оның аумағының көпшілік бөлігіне Шыңғыс ханның немересі Шибаннан тарайтын жаңа әулет билік басына келеді. Әр түрлі елдерге қарай қашып, бас сауғалаған көптеген Темір ұрпақтарынан Ұлы Мертебелі Тарих өзінің одан әры қарекеттері үшін нақ осы Бабырды таңдады. Ол өзіне адал берiлген шағын бір топ адаммен Ауғанстанға өтті. Кейінірек Үндістанға барып ол жерде ең тамаша мұсылман мемлекеттерінің бірі – Бабыр әулеті империясын (1526—1858) құрды. Еуропалық әдебиетте ол «Ұлы Моғолдар» империясы ретінде белгілі. Бабыр қырық сегізге қараған жасында 1530 жылы 25 желтоқсанда өз империясының астанасы Аграда дүние салып, Жамнаның жағасына Бағи Арамда жерленді. Кейінірек оның сүйегі Кабулға әкелініп, Бағи Уафа бағына жерленді (қазірге дейін сол жерде).

Табиғат Бабырға келгенде дархандығын түгел керсеткендей болатын; сұлу келбетті, ақжарқын, ақ көңіл, үздік ақыл-ой, жаңылмас жады, әскери қабілет-дарын, ерекше әдеби қарым-қабілет бір басына түгел дарыған еді.

Бабырдың «Жазбалары»

Бабыр туралы әңгімелесек, онымыз жеке тұлғаның тарихтағы рөлі туралы, тарихи тұлғаның тағдырындағы әлдебір кездейсоқтықтың рөлі туралы, XVІ ғасырдағы түркі әдебиеті туралы әңгіме болып шығады. Мұның өзі түсінікті де. Бабыр тек әскер бастығы, жаңа патшалықтың негізін салушы ғана емес, ол көптеген әдеби шығармалардың авторы. Ол – талай дүниенің бастауында болған. Атап айтқанда, ол өзінің тарихи «Жазбаларымен» (ғылыми әдебиетте бұл шығарма «Бабырнамаң» деген атпен белгілі, енді бір аталымы Түзүк-и-Бабури») қазіргі заманғы түркі прозасының бастамасын бастап берді.

Бабырдың «Жазбалары»  жанры жөнінен мемуарлық әдебиетке жатады. Бас кейіпкер — автордың өзі, адамдардан естіп-білгендерін, өзі көріп, басынан кешкендерін өзінің атынан карапайым, соның өзінде бейнелі түрде әңгімелеп береді.

Шығарма жылнама түрінде кұрылған, ол оқиғалар бірінен кейін бірі алмасып келіп, «мынадай жылдың оқиғалары» деген секілді хронологиялық айдарлармен жылдар бойынша топтастырылған. «Жазбалар» хижраның 899 жылының (1494) окиғаларын сипаттаудан басталып, хижраның 935 жылының алдындағы (1529, тамыз) окиғаларды баяндап келе жаткан бетінде жарты жолда үзіледі.

«Жазбалар» сан саланы кеңінен камтыған туынды. Онда жүздеген үлкенді-кішілі оқиғалар, ондаған адамдардың бейнелері сипатталады. Бабырдың мемуарлары заманын айқын көрсетеді, сол уақыттағы қоғамның өмірін бүкіл талас-тартысымен, сән-салтанатымен, толғантқан мәселелерімен көз алдыңа келтіреді. Бабырдың замандастарының ұткыр үғымдарымен көмкеріліп, аз сөзбен айшықталған жарқын да жанды портреттері баяндау желісіне тiзiлгенде автордың өз кейіпкерлерін зерделі бағамдауы да анық байқалып отырады. Бабырдың Темір әулетінің соңғы ұрпағына және сұлтан Құсайын билеген тұтас бір дәуірге (1469 – 1506) берген, оқырман назарын еріксіз аударатын сипаттамалары анық та нақпа-нақ тұжырымдалған, өзінше бір үлгідегі бірегей сипаттамалар. Бабырдың парыз, ар, ерлік, жолдастық сезім жайында айтқан сөздері терең мағыналы нақылдылығымен таңдандырады. Бұл сөздерінде тарихшы, мемлекет қайраткері, әскер бастығы Бабырдың адам баласының жер үстіндегі биік парызын ұғынушылык ұстанымы ерекше анық көрінеді.

Бірегей материал мен зерделі талдаудың, трагедиялық пафос пен сезімді сергітер лириканың, кәсіби шеберлік пен кәсіби әдептің үйлесе ұштасқан етене бiрлiгі – Бабырдың «Жазбаларының» қайталанбас тартымдылығы мен мәңгілік ғылыми кұндылығының сыры деуге болады. «Бабырнама» тарихнамалық және әдеби қасиеттері тұрғысынан еуропалық шығыс зерттеушілердің алдыңғы шоғыры грек және рим авторларының еңбектерімен бір қатарға қойған, бүкіл ортағасырлық түркі тілдес әдебиеттегі бірден-бір шығарма.

Енді тақырыпта белгіленген мән-жайға оралайық.

«Бабырнамада» моғол ханы Махмұд сұлтанның (1487—1508 жылдары билік құрған) Танбалы әмірге қарсы Бабырдың өзі де қатысқан жорығы сипатталатын тарауда естелік-әңгіме келтірілген. Соны оқып ұранның түрлері, оның қолданылу жағдайлары, ұранның соғыстағы маңызы туралы білуге болады. Бабыр сипаттап жазған оқиғалар хижраның 908 жылына (1502—1503) қатысты.

Моғол хандары аға хан Махмұд-сұлтан мен оның інісі кіші хан Ахмед-сұлтан Бабырға әскер бөліп беріп, Танбалының тылынан орағытып өтуді тапсырады. Түннің ортасында әскер Оштан Әндіжан төңірегіне келеді. Бірнеше бек қаланың білікті тұрғындарымен мәмілелесу үшін ілгері жіберіледі. Олардың қайтып оралуын күткен әскер тұрақта жайғасады: жауынгердің біразы аттан түседі, «басқалары ат үстінде қалғып-шұлғып, енді біреулері үйқыға басты». Осы уақытта бекшік руының бір топ моғолдары оралады; бұл топ күндіз Оштағы жерлерден кетіп Әндіжанның төңірегін тонап келуге аттанған. Әскерді көргеннен кейін олар ілгері ұмтылып бұлардың не өз жағы не жау жағы екенін білмекке «Ташкент! Ташкент!», деп пароль (ұран) сөзін айтып айқайлаған.

Күзет қызметінің жауынгері үйқыдан есеңгіреді ме әлде абыржып қалған ба, келісілгендей «Сайрам» деудің орнына бұл да «Ташкент!», деп айқайлаған. Бекшік руының мoғoлдары «жауға тап болдық» деп ойлап, ұрыстық сүрен көтеріп, барабандарын соққылап, садақтарынан ата бастаған. Бабырдың қосыны абыр-сабыр болып, оқтарын түн қараңғысында түнекке қарай бағыттап ата берген, үрей билеген бірсыпырасы басқалар туралы ойламай, тұрақтан безіп қашқан.

«Осы бір жалған қатердің кесірінен», деп жазады Бабыр, ойластырған жоспардың сәті түспеді. «Біз кері бұрылып, Ошқа қайтып бардық».

Келтірілген осы оқиғамен байланысты Бабыр ұран дегеннің не екенін, соғыста оны қалай қолданатынын ұғындырады. «Ұран екі түрлі болады. Бір ұран – әр рудың өзінің ерекше ұраны; мысалы, бір рудың ұраны – «дұрдана», екіншісінікі – «түкбай», үшіншісінде – «лулу». Енді бір ұран – бүкіл әскер (шерік) үшін ортақ. Соғыста әскерлер екі сөзді ұран деп белгілейді; шайқас кезінде ұшырасып қалғанда бір адам бір сөзді айтады, ал енді бірі екінші құпия шартты сөзді айтады. Осылайша достарды жаулардан ажыратуға, өз адамыңды тануға болады.

Айтылмыш жорықта әскер ұранының құпия келісілген сөздері «Ташкент» және «Сайрам» болды. «Ташкент» дейтұғын болса «Сайрам» де, «Сайрам» десе «Ташкент», деп жауап бер».

Бабырдың қысқа болса да анық ұғындыруы бажайлауды қажет етпейді.

Әскердің шабуылға лап қойғандағы ұрыстық ұранын, сондай-ақ қазіргі «ура» деген секілді жігерленуді, тәнті болып мақұлдауды білдіретін сөзді орталық азиялық көшпенділер «сүрен» деген сөзімен атайды. «Сурен салмақ» деген «сұмдық айқай, шу көтеру», «айғайға басу» деген сөз.

XV ғасырдың тарихшысы Әбді әр-Раззақ Самарқандидің шығармасында «828 (1424 – 1425) жылдың оқиғалары «Ұлықбек мырзаның Моғолстанға жорығы туралы әңгіме», деп аталатын тарауда мынадай бір оқиға сипатталады.

«Жеңімпаз әскердің қатарлары нығайған кезде Ұлықбек мырза ұрыстық ұран (сүрен) ойналсын деп әмір берді. Үлкенді-кішілі барабандар дүңкілдей бастады. Ұрыс барабанының өкiргенi мен кернейдің азынауынан тау теңселіп, адамдардың құлағы тұнды».

Келтірілген эпизодтан анық аңғарылатыны – сүрен деген бір-біріне қарсы келіп тұрған әскерлер айғайлайтын ұрыстық ұран ғана болмаған, сонымен қатар шайқасқа қаһарлана үндеу, әр түрлі дыбыс шығаратын ұрыс барабандарымен, кернейлермен шу, айқай көтеруі де болып шығады.

(Сүрен туралы қосымша мысал келесі мақалада келтіріледі ред.)

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button